«Tugurulhan.kz» тарихи-танымдық порталы

ОСПАН БАТЫР ЕРТОҚЫМЫ «ТҰҒЫРЫЛ ХАН – ОҢ ХАН» КОРПОРАТИВТІК ҚОРЫНА ТАПСЫРЫЛДЫ

Авторы tugurul
1364 қаралым

Аңыз бен ақиқаты алашқа мағлұм болған Оспан Батыр Сіләмұлына Кеңес Одағының Чойбалсан арқылы сыйлаған ертоқымы Моңғолиядағы немерлес туыстарының қолында сақталған екен.

Бұдан бұрын ақпаратта қабылданғанындай аталған ертоқым өткен жылы Қарағанды қаласында Керей-Молқы халықаралық қайырымдылық қорының төрағасы Жанарбек Мамбарға тапсырылған болатын.

Жәдігердің тарихи бағасын асырып, мемлекеттік мұражайларға ұсыну және тарихи мұра ретіндегі құндылығын тұрақтандыру мақсатында қор басшысы оны «Тұғырыл хан – Оң хан» корпоративтік қорының қамқоршылар кеңесінің төрағасы Асылхан Жұмабайұлы Игібаевқа тапсырды.

Аталған іс-шара 16 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында атқарылып, тарихи жәдігер – Оспан батырдың ертоқымы Тұғырыл хан сынды тарихи тұлғаны ұлықтап келе жатқан аталмыш қордың мұрағатына алынды.

Ұқсас жазбалар