«Tugurulhan.kz» тарихи-танымдық порталы

Теміртаудың қос мектебіне Ә. Бөкейхан мен Б. Момышұлының есімдері берілді

Авторы tugurul
309 қаралым

Металлургтер қаласындағы екі білім ордасына қазақ елінің біртуар қайраткерлерінің есімі берілді. Бұл туралы saryarqanews.kz хабарлады.

Теміртау қаласындағы №15 қазақ мектеп-гимназиясы енді Алаштың ұлы тұлғасы — Әлихан Бөкейханның есімімен аталады. Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (1870-1937) — көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым, ұлт-азаттық қозғалысының теориялық негізін салушы әрі көсемі, қазақтың тұңғыш саяси партиясын ұйымдастырушы және Алашорда үкіметінің төрағасы.

Оқу орнының директоры Бағдат Нашкенов жаңа мектеп аты бүкіл ұжым, оқушылар мен ата-аналары үшін үлкен мақтаныш деп санайды.

— Жаңа жыл қарсаңында мектепке ұлт мақтанышы Әлихан Бөкейханның есімі берілді. Біз бұған өте қуаныштымыз, — деді Бағдат Нашкенов.

Теміртаудағы №23 мектепке халқымыздың тағы бір бірегей тұлғасы — Бауыржан Момышұлының есімі берілді.

Ұқсас жазбалар