12 наурыз күні Алматы қаласында Ш.Уалиханов атындағы тарих және этнология инситуты мен “Тұғырылхан-Оң хан корпоративтік қорының бірлікте ұйымдастыруымен “Ұлы даланың Ұлы есімдері”, “Әулие-Ата жеріндегі ашаршылық” кітаптарының тұсаукесері өтті.
![]()
Аталған іс-шараға инситут директоры З.Қабулдинов және көрнекті қазақ ғалымдарымен бірге Тұғырылхан-Оң хан корпоративтік қорының Қамқоршылар кеңесінің төрағасы Асылхан Игібаев, жазушы Жәди Шәкенұлы, т.б.лар қатысты.
![]()
Осы орайда А.Игібаев қазақ тарихы мен руханиятына қосқан көрнекті үлесі үшін институттың бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Алдажұманов Қайдар Сейсембайұлына,
Инситуттың жетекші ғылыми қызметкер, т. ғ . к. Рүстемов Сәулебек Керімбекұлына, жетекші ғылыми қызметкер, т.ғ.к.
![]()
Абдуллина Ақсұңқар Тұрсынқызына – Тұғырылхан-Оң хан корпоративтік қорының “Нартұлға”, “Тұғырылхан” ордендері мен “Халық қалаулысы” медалын арнайы ақшалай сыйлықтармен табыстады.
![]()
Шәкен Наралтай,
«Тұғырылхан-Оң хан» корпоративтік қорының
Баспа сөз хатшысы