«Tugurulhan.kz» тарихи-танымдық порталы

«ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ: СІБІР ҰЛЫСЫ ЖӘНЕ ТАЙБҰҒА ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНДА»

Авторы tugurul
542 қаралым

 

2021 жылдың 3 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласында «Назарбаев орталығында» «Алтын орда» халықаралық бизнес-клуб» ҚБ, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті, «Тұғырылхан — Оң хан» корпоративтік қоры орындарының ұйымдастыруымен «Ұлы Даланың жеті қыры: Сібір ұлысы және Тайбұға Қазақстан тарихында» атты ғылыми-практикалық конференция өтті.

Айтулы жиынға ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымкұлованың орынбасары Министрдің құттықтау сөзін оқып, баяндама жасады, ҚР Ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Еркін Әбіл, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті тарих ғылымдарының докторы, профессор Аманжол Күзембайұлы, басқа да тарихшылар, зиялы қауым өкілдері мен БАҚ өкілдері қатысты.

ZOOM платформасында онлайн түрде көптеген көрермендер және ғалымдар қатысып, онлайн түрде баяндама жасады. Сонымен қатар конференция барысында Қазақ қыздар педагогика университетінің профессоры, тарих ғылымдарының кандаидаты Ф.М.Шамшитденованың «ХІІІ-ХѴІІ ғғ. Тайбұға ұлысы жене Батые Сібір: саяси – әлеуметтік мәселелер» атты кітабының  тұсау кесері болды.

Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуына өз төңірегіндегі көптеген түркі ұлыстарының тікелей және жанама ықпалы болды. Осы ретте, ықпал еткен ірі ұлыстардың бірі – Тайбұға Ұлысы және Тайбұғалықтар негізін қалаған Сібір хандығы.

Тайбұға Ұлысы жайлы тарихи деректер отандық тарихшы-ғалымдардың назарын аударып отыр. Аталған конференция осы мәселерді және Қазақстан тарихының тамырын тереңнен қарастыруды масқат етіп отырды.

Конференцияға «Алтын орда» халықаралық бизнес-клуб» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мархабат Балғабай және «Тұғырылхан – Оң хан» корпоративтік қорының төрағасы Асылхан Игібаев жетекшілік етті.

Конференция соңында баяндамашы ғалымдар, конференцияға қатысушылар арасында талқылау болды, қарар қабылданды.

©Tugurul Han

Ұқсас жазбалар