«Tugurulhan.kz» тарихи-танымдық порталы

Абақ Керейдің төрт би сайлауы

Авторы tugurulhan.kz
1065 қаралым

Әйгілі Алтай тауының күнгейіне Абақ рулары соңғы рет 1770 жылдары көшіп келіп орналаса бастайды. Жан-жағындағы мұңғұл және басқа ұлыттармен өріс-қоныс туралы талас-тартыс барысында «Сендер ауған елсіңдер, белгілі хандарың жоқ, біздің хандарымыз бар, ханмен қара теңдесіп сөйлесуге болмайды, деген үлкен кемсітуге ұшырап, белгілі ханның жоқтығынан есе-теңдік ала алмапты. Сол үшін Абақ Керейдің елбасы Қазыбектің Ұлытау асар би бастаған 17 адамды Абақ елі Әбілменбет ханнынң баласы Әбілпейіз төренің ауылына 1784 жылы көптеген тарту-таралғы мен аттандырып, Абақ Керейге хандыққа болатын бір баласын сұрайды. Әбілпейіз төре байбішесінен туған ұлдарын қимай, тоқалынан туған Көгедайды береді. Көгедай туылар кезде Әбілпейіз хан түс көріп, аспандағы ай қойнына түсіпті, сосын көктегі ай қойныма түсті деп, атын Көгедай қойған екен, әрі осы ұлдың болашағынан көп үміт күтіпті.

Тауасар би бастаған адамдар Көгедайды шешесі Тұмар ханыммен, бауырлары Сәмен Жабағы мен қоса көшіріп әкеліп хан сайлайды. Көгедай сол кезде 12 жаста болып, Керей ортасына келгенсоң бас болып, өзін жетілдіріп, Керей елін сыртқы жаудан, ішкі даудан сақтап қала алатын тегеурінді хан болыпты.

Көгедай өлген соң феодалдық түзім бойынша ұлы Ажы хан болады. Бірақ Ажы әкесіндей билікті меңгеріп, береке-бірлікпен басқара алмапты, уақыт өте келе Абақ елі өсіп-өніп қанат жайып іргелі ел болып, Ажы төренің билігі Керейдің амалятына үйлеспейді де, басқаруға амалсыз қалады. Әсіреісе, жәдік-жәнтекей секілді көп рулар Ажының жөн сілтеп баса билік айтқанына көнбейді, сосын олар былай деп талап қояды: «Біз өз ішімізден би сайлап, оз ісімізді өзіміз басқарсақ, сыртымыздан төре басқарса» – деп талап қояды. Осы талапқа сай Ажы төре Керейдің өз ішінен би сайлап, өз ٴісін өзіне басқартып, төре өзінің хандық орнын ғана сақтап отыруды лайық көреді.

1836 жылы Үштас деген жайлауда Абақ Керейдің атқа мінер ақсақалдары бас қосып, ақылдасып кеңеседі. Кеңесе келе ойы алымды, сөзі шалымды, тарихтан жиғаны көп, Жантекейдің Ботақара руынан шыққан Шау жыраудың мынадай сөзіне тоқтайды: атақты Абылай ханның да Төле, Қазыбек, Әйтеке, Бұхар жырау секілді 4 мықты таянышы болған, жаратқанның 4 перштесі болып 18 мың ғаламды осылар арқылы басқарыпты, жалпақ жердің өзін төрт қыбылаға бөлген, дүниенің 4 бұрышы болған. Осы тарихқа негізделгенде, елді басқарғандардың бәрі 4 тік сан жүйеге сүйеніп басқарған. Сондықтан біздің сайлайтын биіміздің де саны 4 болсын дейді. Керейде мынадай сөз бар – «Жәдік-Жәнтекей толқыса 12 Керейге симайды, ал өзге он Керей толқыса Жәдік-Жәнтекейге сыйып кетеді» – деген, бұл шындықтан алынған болып Жәдік-Жантекейдің көптігіне дәлел, сондықтан осыларға би сайламы беріледі деп Жәнтекейден 2 би, Жәдіктен 2 би сайланатын болады, бүкіл Керей ақылдаса келе Жәнтекейден: Күкен Мамытұлы, Топан Сатайұлы, Жәдіктен: Бейсенбі Дөненбайұлы, Құлбек Жантеліұлы болып 4 би сайланады. Осы 4 би ел басқарып билік жүргізуде «Жеті жарғы» негізетіп, әрі өз тұстарының іс-жүзіндік жағдайна қарап, «Төрт би төре заңын» жасап ел басқарып әдыл билік жүргізеді.

6alash ұсынды

Ұқсас жазбалар