Белгілі этнограф, тарих ғылымдарының докторы Шайзада Тоқтабаеваның «ХІХ-ХХ ғасырлардағы қазақтар арасында ағаш пен сүйекті көркем өңдеу» атты кітабы жарық көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ҚР БҒМ Ғылым комитеті Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында қамқоршылар кеңесінің және «Tugurul Han – On Han» корпоративтік қорының қолдауымен жарық көрген кітап қолөнердің маңызды түріне жататын ХІХ-ХХ ғасырлардағы қазақ халқының ағаш бұйымдарының генезисін, көркемдік-бейнелік және мағыналық мәнін ашуға арналған. Атап айтқанда, кітапта қазақтың ағаш пен сүйекті өңдеу материалдары, құралдары, техникасы сипатталған. Халық шығармашылығының осы түрінен табылған жаңа қырлар мен реңктер бұрынғы өткен талантты шеберлердің ұжымдық еңбектерін тарихи-мәдени маңызын жаңаша түсінуге мүмкіндік береді. Кітап-альбом тек гуманитарлық сала мамандары үшін ғана емес, сонымен қатар өз халқының шығармашылық мұрасына бей-жай қарамайтын оқырман үшін қызықты болады.
Марлан Жиембай
журналист
inform.kz
#тарих #мәдениет #этнограф