«Tugurulhan.kz» тарихи-танымдық порталы

ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЗАН ТӨҢКЕРУ ҒҰРПЫ

Авторы tugurul
3668 қаралым

Қазақ ғұрпында отбасында , артында серперге тұяғы қалман, ұрпағы өспеген қайтыс болған адамды жерлегенде , оның қабыр басына сол үйдің артында істетілмей қалған қара қазанын төңкеріп қояды. Онысы бұл қайтқан адамның , отбасының оты бір жола өшті, артында қазан асар ұрпағы жоқ. Бахиға аттанды, жанашыры қалмады. Содықтан қабырға зиярат етіп келген кісілер білсін, көрсін, артынан дұға оқысын, құран бағыштай жұрсін деген ырымды белгісі. Оны қазақ ғұрпында ” Қазан төңкеу” деп атайды.
Қазақтың жәй күндері қазанды төңкеріп қоимауы, төңкеріліп жатқан қазанды жаман ырымға жоруы, төңкерілеп жатқан қазанды оңап қоюы ” Қазанды төңкерме , басыңдағы бағың қашады, қазаннан аттама ырызығыңды шәшады” деуі тектен тек емес.
Ал қазақтың кей өңірлерінде қазан орнына иен қалған шағырақты төңкеріп қоятындар да болған. Бұл дүрыс емес. Қазақ шаңырақты бейіт басына төңкерсе, сол әулеттің қалған туыс – туғандарына хатер келеді, зобалаң болады, өлім- жітім көбейіп кетеді деп ырыдайды.
Қазақ дәстүрінде ұзатылған қызға қазан бермейді, қыз жасауына қазан мен пышақ салмайды. Қызға қазан берсе, жасауына қазан мен пышақ салса, қазанмен ілесіп шаңырақтың құты кетеді, пышақты құдалар алмайды , ” Қырық пышақ болып қырлысамыз” деп жаман ырымға балайды.
Бұл жерде біз бір нәрсені жақсы білуміз және терең түсінуміз абаз. Қазақ қазан мен шаңырақты , пышақты киелі , бағалы заттар санатына жатқызады. Қазақ бағалы деп білетін заттарды көз қарашығындай қорғап аялап, күтіп ұстайды. Содықтан осындай ырымға байлап, дәстүрге айналдырып ұрпақтарын ұлағатты , тәртіпті, тәрбиелі, ибалы етіп өсіру үшін, естерінде дәстүр ретінде ұрпақтан – ұрпаққа жалғастырып сақтап жүру үшін жасалған ырымды дәстүр деп түсінгеніміз жөн болмақ.
Расында , қара шаңырақ та қара қазан да, пышақ та сол істеткен отбасының меншікті заттары. Сол заттарды қорғап қадырлеу арқылы отбасының берекесін сақтауды, ата- анасының ақ батасын ақтауды, заттық, мәтериялдық құндылыққа балап өте жақсы дәстүрмен сабақтай білген.
Қыз жасауына қазан салса, күйесі жүғуы, жолда шағылып қалуы мүмкін. Ал пышақ салса, білгісіз жағдайда ұрыс – жаңжал шықса, адам өміріне қауып төніп, суық қару жарақатқа, өлімді, қаралы күнге соқтыруы ғажап емес. Дана бабаларымыз қауып пен хатердің алдын осылай алып отырған. Затқа табынбаған, сыйынбаған. Заттарды орынды ылайықты пайдаланған.
Қазақтың ескі ғұрпында, қайтыс болған адам­ түсіне қайта- қайта кі­ріп мазаласа, сол қайтқан адамның қабырының басына қазан апа­рып төкеріп қоятын болған. Сол адамға дұғалар оқып, құран қатым түсіретін. Сонда барып, ол адамның аруағы қайталап түсіне енбейтін болған.
Міне, бұл ата- бабаларымыздың асқан писихолог екенін дәлелдейді. Түс көген адам қорқынышты түсінен жынданып , есалаң ауыруына шалдықпасын үшін осыдай ғұрыпты, ырымды тағылым жасап, ол адамның бойындағы үрейді сейілткен.
Сонау сақ , ғұн тайпалар дәуірінде тайқазанның жасалғадығы туралы кереметтей аңыздар айтылады. Ел бірлігі бұ­зылған, жұрт ішінде алауыздық туып, ірге сөгілетін кезде, ха­лықтың басын біріктіру мақсатында , сар­баздардың садақ жебелерінің үшындағы темірлерін жинап, балқытып, содан алып қазан құйған екен. Садақтың ағаш жебелерін отқа жағып,
қазанға Атан түйе сойып соың етін пісірып, наразы болған екі таипа ел, сол қазанға піскен дәмнен дәм татып, тамақ жеп тәтуласқан екен. Өкпе- наздарын кешіріскен екен.
Міне , содан бастап, бір қазаннан ас ішкен, бір дастарханнан дәм татқан ағайындар ортасында назарзылық болмау керек. “Дәм атады”, ” Дәмге тапсырдым”, ” таспен атқанды , аспан ат”, ” Дәм- дәнекер”, ” Ас жегеннің аузы жұмақ”, ” Қара қазан қасиетті”, ” Қазанында ас болса, өмірінде мән , тұрмысында сән болады” деген мақалдар туыпты.
Ал дәмдес, сырлас болып жүріп, опасыздық жасаған адамға” Қазаныңа қақ тұрмасын”, ” Қазаның қаңсып қалсын”, ” Қазанның киесі атсын” деп қарғайтын болған.
Түркстандағы тайқазанда қазақтың сонау сақ, ғұн дәуіріндегі үлгісімен жасалғаны осы дәстүрді растайды.
Қазақ ғұрпында , жұқпалы аурулар тараған кезде , сол ауыл ақсақалдары, халықты дереу үймдастырып , басқа ауылға шықпауға шақырған. Ауыл аиналасындағы төбе- төбелерге қаралы ту іліп, Қара қазан төңкеріп, қара ат мініп, қара киім киіп, қолына қара ту ұстап , басқа ауылдарға жолда жүрген жолаушыларға белгі берген. Жаман жұқпалы ауыру тарап жатқанынан хабар бердірген. Жаман ауырудың атын атап айһайламайтын. Қазан төкеру арқылы , ауыруды тергеп жұмсартып “індет” , ” сырхат” Т.Б. Сөзбен атайтын болған.
Елдің , жұртың , халықтың еңсесін түсірмей, үрейлендірмей, ” Ауыру жеті түрлі болғанмен , жетпіс жеті түрлі емі бар” деп жігерлендіретін. ” Ауыру батпандап кіреді, мысқалдап шығады” деп халықты сабырға шақыратын. ” Аш адам ұрысқақ , ауыру адам тырысқақ ” деп ауырған адамның ашуына тимейтін. Затық жақтан да рухай жақтан да , көмек көрсетіп көңілін аулайтын. Сондай жұқпалы ауырудан қайтқан адамның қабырының басына қазан төкеріп, шағын қара баирақ қадап қояды. Оны көрген адамдар мынау жұқпалы ауырдан қайтыс болған екен деп бірден біліп, ол қабырдан алыс жүретін. Ал жұқпалы ауыу болған адамның маңдайна қазанның қара күйін жағып қойса, қайтыс болған адамнын есік алдына қазанын төңкеріп қою арқылы белгі берген. Сол арқылы алапат ауырудан сақтанып отырған.
Бұл біздің аса білімді ата- бабаларымыздың жақсы дәстүрі еді.
Қазақ ырымында келіншек­тер бо­сана алмай қатты толғақ қысып жатқанда , босанған әйелдің назарын бұру үшін Аллаға жал­барынып, жарыс қазан асады да, ” Қара қазан бұрын пісеме, қара қатын бұрын босанама” деп туытпен қазанды жарыстырып, туыт күзететін дәстүр де болған. Оны қазақ «жарыс қа­зан» деп атаған.
Қазақта «қазан шегелеу» деген салт бар. Ол ауылдағы құрбы- құрдастар бірігіп, өздері жақсы көретін бір үйге бас қоса барады да, «Осы үйдің қазанын шегелей кел­дік» дейді . Үй иесі ” Жақсы келдіңдер ” деп қонақ­танын күтіп, бір ақ сары басын шалып, мол дастарханын жаяды. Бұл қазан шегелеу салтының бір түрі болса, екінші түрі , жаңа отау болған , жас шаңыраққа жастар жыиналып барып, отаудағы кем бұліктерін толықтап беріп , қонақ болып аттанады. Оны қазақ «қазан шегелеу» салты деп атайды.
Қазақта «айрылыс қазан» дәстүр бар. Бір ауылда ұзақ көшілес отырып , біреуі басқа жақ­қа қоныс аударатын кезде , ел-жұртын шақырып , шағын той жасаған. Қалып бара жатқан ауылдас , туғандарына дәм беріп аттанған. Қазақ мұны «айрылыс қазан» деп атаған.
Қазақ әр жылы нарыз келгенде жеті дән салып , қара қазанға наурыз көже, тілеу көже жасаған. Оны көпшілік болып ішіп: Қазан асты болсын,
бас бақты болсын.
Қазан тоқ болсын,
Уайым жоқ болсын.
Ұлыс оң болсын,
Қайда барса жол болсын.
Деп бір- біріне тілек айтып , төс соғысып, мейрам өткізетін болған.
Иә, ерте замандарда соғыс кезінде, түтқыйыл жау келіп қалғанда қатын – балаларды тайқазан астына жасырып , үстеріе қазан төңкеріп қоятын болған. Содан бырыз ұрпақтар аман қалғаны жайлы аңыздар айтылады. Қазақ аналары түнде қазанды далаға қоиймайды. Қазанның бетін қақпақпен жауып, үйдің оң жақ босағасына қояды. Қазанды құрғақ қоймай ішіне бір қасық май тамызып қояды. Қазан қаңсып қалса, үйді кедейлік басады деп ырым етеді. Расында , құр тұрған қазанды тот тез басады. Тос бастырмау үшін осындай керемет ғылымды ырым жасаған.қадырлы ағайын, қазан төңкерілмесін, бейбіт күн болсын.

Этнограф жазушы:
Болат Бопайұлы

Ұқсас жазбалар