Монғол халқының құрамындағы керейлер
Шыңғысхан керей хандығын құлатқаннан кейін керейдің басым бөлігі өзінің тұрғылықты жерінде түмен мен мыңдықтардың құрамындағы жауын- герлер ретінде қалды. Әскери жоспар бойынша әр монғол түмені мыңдыққа, мыңдық жүздікке, жүздік ондыққа бөлінген. Ондықтың құрамында бір рудан шыққандардың болатынына қарамастан, мыңдық пен түменде ХІІІ ғасырда Монғол аумағында қалып қойған түркітілдес топтар жинақталды. ХІІІ-ХІV ғасырлардағы монғол-халха және ойрат құрамына кірген әртүрлі түмендерге шашырап кеткен керей тайпаларының ыдыраған тағдырына душар етті. Керейлердің басым бөлігі Шыңғысханның «тургак-кешиктенов» (монг. turake- kešigten), қорғаушы 10 мыңдық ірі әскери бөлімінің гвардиялық құрамына тар- тылды. Гвардияға бағындырған жеріндегі халықтың және шонжар ақсүйектерінің ішінен ақылды, шеберлігі асқан және сырт келбеті келіскендерді таңдап алды. Тұрғақ гвардияшыға таңдап алудың шарттары мен механизмдері жайлы «Ал- тын шежіреде» және басқа монғол тарихы туралы деректерде толық суреттелген, сондықтан оны қайталап жату артық2.
Шыңғысханның алғашқы гвардиясы 2 жасақтан-кебтеул және хорчиннен тұрғанын және кебтеуілдің түнде хорчиннің күндіз қарауылда тұрғаны белгілі. Шыңғысқа дейін тұрғак-гвардия жасағы дала билеушілері оның ішінде керейдің Ван ханында да болған. «Алтын шежіренің» 170-171 тарауларында Ван ханның тұрғактарының мыңдығына басшы болған хоршин лемун-тайшы деген біреу ту- ралы айтылады.
Сірә күзет құрылымының заңдылықтары түріктің «тургак» терминімен бірге керейден алынған болар. Жазба деректерде бірінші Шыңғыс ұрпақтарының гвардиясы таратылған жоқ, Монғол империясының келесі ұлы ханына мұраға өтті. Бұл туралы «Құпия шежіреде», «Огадаю были переданы гвардейцы и охран- ная стража (кептулы, стрельцы — хорчины и турхауты — всего 10 000 человек»1. — деп жазылған. 1259 жылы Мөңке хан өлгеннен кейін ұлы хан гвардиясының басым бөлігі Қытайдағы Юань әулетінің негізін салушы монғол ханының тақ мұрагері Хұбылаймен бірге кіші інісі Арық Бұқаға өткен. Гвардиядағы торғауыттардың бөлігі Хұбылай мен Хұлағуға тиген сияқты2.
Тұрғақтардың көбі Ордостағы Монғол империясына қызмет еткен, сондықтан да монғол мемлекеті құлағаннан кейін кәдімгі көшпенділерге яғни торғауыттардың этникалық тобына айналып, ойрат тайпасының одағына кірген. Керейдің шығу тегі генеалогия бойынша торғауыттардан басталғаны байқалады. Қалмақ жылнамасы Галбан Шараб «Ойрат туралы баян» атты еңбегінде торғауыттың бірінші сұлтаны Қазбангты керей ханы Ван ханнан бөлінген және «дербен-ойратқа» кіретін еді-дейді3. Галбан Шараб Қазбангтың ұрпақтары ретінде торғауыттар: Сусуй, Баяр, Менгей, Менгейдің тоғыз ұлы ішінде Байго Юрлық және Унхун Чапчанчиды, қалған жеті ұлын Маханчин Керей десе, қалған алты ұлдан Бойго Урлықтың екі әйелінен үлкен ұлы-Зулзуган Юрлық, оның ұлы –Хо Юрлықтерді ХVІ ғасырдың аяғындағы жоңғардағы торғауыттардың басшы- сы деп санайды4.
Батыр-Убашы Түмен торғауыттардың шығу тегін керейдің Ван ханымен бай- ланыстырады және өзінің «Дербен-ойрат баяны» шежіресінде былай көрсетеді: «Когда торгоуты присоединились к ойратам, у них был хан Мергени-Еркету»5. Батур –Убашы Түмен мына төмендегі торғауыт сұлтандарын атап өтеді: Мер- ген Еркетудің ұлы-Буян Теткукчи, ары қарай Бояр, Менгей, оның тоғыз ұлы болған, оның үлкені Буйго Орлек, екінші ұлы –Онхо-Цабцачи, қалғандары «ма- хачин керей» деп аталады, Бүйге Орлектің алты ұлы Хо-Орлек және басқалар6. П.С. Палластың «Монғол халқы туралы тарихи деректер жинағы» атты белгілі кітабында қалмақтардың өздерінің сөзі бойынша торғауыт князі өздерінің шығу тегін керей ханы Ван ханнан бөлініп шыққан Казбанг немесе Кибангке әкеледі7.
«Шара-туджи» атты монғол шежіресінде торғауыттар туралы былай дейді: «Торгуты-потомки кэрэитского Онг-хана, его сын Бадзар, его сын Магата Манхи, его сын Буйга, его сын Дзолцохой Орлук, его сын Гоа Орлук, его сын Шихур- Дайчин…»1.
«Илтхэл шастир» бойынша торғауыттардың тайпа көсемін Онхан деп атаған. Ары қарай оның ұрпақтарын мынадай ретпен атап шыққан: Арсалан, Амгулан, Кэйбэн («Ки-вань или Казбанг — Авт.), Сусэй, Баяр, Махачи Монгхэ, Буйго Ор- лэг, Зулзуган Орлэг, Хо-Орлэг2.
1935 жылы ағылшын баспасынан саяхатшы Х. Хаслунд-Кристенсенның «Люди и боги в Монголи» атты кітабы жарыққа шықты3. Оның авторы Орта Азиялық экспедициясына қатысушылардың бірі Свена Гедиана Синьзянда торғауыттар да болған дейді. Ол: «Покрытая легендами история торгоутов дол- гое время занимала мое воображение, и я в течение многих лет пытался из книг и первоисточников восстановить исторические предпосылки нынешнего положе- ния этого монгольского племени. Я почерпнул много сведений из Toregut Rarelro (искаженное «Торгудын гарулга» («Происхождение торгоутов»- Авт.), которую мне прочитали и растолковали ученые ламы в торгоутском «Желтом монастыре» в горах Тянь-Шаня. Это собрание древних документов, написанных на монголь- ском языке и являющихся чисто монгольскими по своему происхождению, пред- ставляет собой чрезвычайно яркий и фантастический рассказ, принадлежащий самим торгоутам, о предках своего хана, о своем народе и о их битвах в минувшие столетия» –деп көрсетеді4. «Торгудын гарлуга» деген ойрат мәтінінің жаңарған түрі Х. Хасмундтың шешімімен латын әрпінен транскрипцияланған, бұл еңбекті американдық Джон Крюгер 1974 жылы ағылшынша аудармасымен бірге баспа- дан шығарды5. Бұл жаңа дерек торғауыттардың этникалық тарихы жайындағы біраз сұрақтарға жауап береді. Ол еңбектің кейбір жерінде торғауыттардың өздерінің билеушісі Кайбангтың тапсырмасымен ойраттарға елшілікке барғанда торғауыттардың Богу Моринде өмір сүргені әңгімеленеді:
«Отправляйтесь в страну ойратов, посетите их земли и посмотрите на их ханов и князей». Олар ойрат елінде болған және өздерінің ісі жөнінде құрметпен айтатын Тогон-тайшының ерекше қабылдауын көрген. Бұл жайында былай де- ген: «почтительно рассказали о своих делах». «Они сразу же вернулись обратно, а когда они сообщили, что кочевья ойратского хана и князей хорошие, то (тор- гоутовские) князья и подданные, тайно посовещавшись, отправились в область ойратов и принесли присягу в верности хану Тогон-тайши. Тайши обрадовался и выдал замуж (за Кайбанга) свою собственную дочь, а в приданое дал 250 семей. И после этого он продолжал их одаривать, и они стали одним из Четырех Ойратов»1.
Шындығында да, ХVI ғасырдың аяғына қарай «дербен-ойрат» құрамында Хо-Үрлік тайшы бас болған «торғауыт» бірлестігінің болуы ерекше маңызды. 1609 жылы орыс бодандығын қабылдаған Хо-Үрлік торғауыттарының саны 50 000 от- басы екені анықталды2. Бұл торғауыттардың ішінде Хо-Үрлік кеткеннен кейін Жоңғарияда қалған кейіннен Гуши ханмен бірге Куку-норға қоныстанғандар жоқ. Олардың жартысы ХVIІ ғасырда қайтадан Жоңғарияға кетті.
1613 жылы Хо-Үрлік өзінің торғауыттарын Жайық жағасына алып келді. 1630 жылы Еділ жағасына дейін жетеді. 1633 жылы Хо-Үрлүк Ноғай ордасын бағындырды да сол жерге өзінің үлкен ұлы Шукур Дайчинмен бірге қалмақ- торғауыттарын орналастырды, ол өзі Ембі жағасына дейін көшіп-қонып жүрді. Хо-Үрлік 1640 жылы Жоңғариядағы Тарбағатай тауының жотасындағы жалпы қалмақтық құрылтайға барады. Хо-Үрлүк 1644 жылы қалмақтардың Кавказға жорығында қайтыс болады, оның ісін ұлы Шүкір Дайчун жалғастырады.
Қалмақ бұтағындағы керей билеушілерінің түбін анықтадық деп сеніммен айта аламыз. Бұл Ван хан Арслан-Амкулан-Кейбен (Казбан, Мерген-Еркету)- Сусей (Баян-Теткучи) — Байар-Макачи-Мөнке-Байга-орлек-зулзуган-Орлек-Хо- Орлек. Соңғысы ХVIІ ғасырда Қазақстанның солтүстігіне және батысына көшіп- қонып жүрді және Еділ қалмақтарының негізін қалаушы болып табылады.
Торғауыттардан басқа ойрат-жоңғар, және қалмақ құрамындағы керей хандарының ұрпақтары керейдің басқа топтарына кіріп кеткендігін білуіміз керек. «Шара Туджида» Хи Мэргэн Тэмэнэ имеет омок «Хэрэит»3 — деп атап көрсеткен. ХVIІ ғасырдың басында Жоңғар керейлері Еділге Хо-Үрлік тайшысының торғауыт ұлысы құрамында кетті. Алайда, Хо-Үрлүк торғауыттары кеткенен кейін Жоңғар хандығында. ХVIІІ ғасырдың ортасында керейлер легі келе бастады, олардың саны 6 мың шаңырақ болды4.
Керей аймағындағы саны басым Қалмақ хандығындағы торғауыт ұлысы. Олардың бір бөлігі 1701 жылы Аю ханның баласы Санжиппен бірге кеткен 15 мың торғауыт отбасы болар, олар жоңғар хонтайшысы Цэван-Рабданмен бірге ұсталып Жоңғарияда қалып қойған5.
Керейдің көпшілік тобы 1771 жылы торғауыттармен бірге Убашыханмен Шыңжанға кетті. Халық аузындағы аңыз-әңгіме бойынша Ресейден 70 мыңдай отбасы кеткен. Алайда Жайықта қалғандардың арасындағы 6 торғауыт ұлысы сол жерде қалып қойған. Дала зерттеуінің материалдары бойынша Эркетен ұлысында керейдің екі тобы — «Хуучин кераад» (бұрынғы керей) және «шине кереад» (жаңа керейлер) сақталған.
Қалмақ керейлердің аталмыш ұлыстағы жалпы саны 1903 жылға сәйкес 104 отбасы көрсеткішіне тең1. Аталмыш ұлыстан кереиттердің көбі Мочагиге балық аулау кәсібімен айналысу үшін көшіп кетеді. П. Неболсиннің берген дерегі бойынша ХІХ ғасырдың ортасында Хошеуутов ұлысында 25 керей шаңырағы болған2. Алайда 1880 жылғы мұрағат деректері бойынша керей тайпасының үш аймағындағы Хошеутов ұлысында 263 керей шаңырағы бар. Яндыков ұлысында тұрған керей тобы Долбан аймағына кіретін, ол Батут әкімшілігі аймағы 1000- нан аса отбасы бар «барун -керейтовских» деген топпен ерекшеленеді. «Керейт» деген аттағы ұсақ белгілер (арбан, ясун) 13 аймақтағы дон қалмақтарында және Икицохуров және Багацохуров ұлыстарындағы қалмақтарда кездеседі3.
Мұнан басқа Авляевтің дала материалы бойынша бұрынғы Толтан- кин аймағындағы Молодербет ұлысындағы тұрғындардың арасында альмот этнонимі Рашид-ад-диннің керей албатымен сәйкес келеді4. Эрдниевте ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында торгуудтың құрамына керей, хошут, тубан (туба) кірген; дорвод құрамына керей, хошут, сохад (саха); Хошет ұлысында хошеут және керей кіргендігін көрсетеді5. Туба (тумаут, тубаут?) тобы туралы 1880 жылғы мұрағат құжаттарында айтылады. Ол Багаоцохуров ұлысында саны 20 шаңырақ ( ОММ, ф.9 оп, 1, д. 2 т за 1880 ж), 1905 жылғы белгіленген басқа құжатта табанкин руы 35 шаңырақ деп еске алынады (ОМА, ф. 9, оп 1, п. 219 п. 15)6.
Керейлердің көп бөлігі монғол-халха құрамына кірген. Шығыс монғолдарының тізімінде керейдің Ван ханның ағасы Жаканбу ұрпақтары аталған тангууд сияқты торгууд және хэрэйд бірлестіктері бар7.
Монғолия аймағындағы керей рулары қазіргі Монғолияның тұрғындары болып (Тайжиууд, Очир, Бэссүд Сэржээ, 1998) есептелінеді. Бірқатар этностар (торгууд, хорчид, хошууд) керейлер ХІІІ ғасырда кірген мына топтарға жатады:
— хэрээ-Увс аймағы
— хэрээ цувдаг-Ховда аймағы
— хэрээд-Архангай, Дорнод, Сүхбаатар, Төв, Увс, Ховда, Ховсгол, Хэнтий аймағы,
Хэрээнд-Завхан аймағы
— хэрээдэй-Ховда аймағы
— вангаахан (Керей Ван ханның ұрпағы болуы мүмкін)-Ховда аймағы
— хатвангаахан (бұл да керей Ван ханның ұрпағы болуы мүмкін)-Ховда
аймағы
Тангуд (таңғұт Алашаға қызмет еткен Ван ханның ағасы Джака Канбудың
ұрпағы) –Архангай, Говь-алтай, Дорнод, Завхан, сүхбаатар, Ховсгол, Хэнтий аймағы
— Тангудтан-Хэнтий аймағы
— харгана (харакин Рашид-ад-диннің көрсетуі бойынша болуы мүмкін)- Дорнод, сэлэнгэ, Төв, Хэнтий аймағы
— тува нар (тумаут, тубауыт, тумавут,тумавут Рашид-ад-диннің көрсетуі бойынша болуы мүмкін)-Ховда аймағы
— түмэд (Рашид-ад-диннің көрсетуі бойынша тумаут, тубаут, тумавут)- Ховды аймағы
— тұмат (Рашид-ад-диннің көрсетуі бойынша тумаут, тубаут, тумавут, түмән сөзінен шығуыда мүмкін)-Дорноговь, Говьсүмбэр, Дундговь, Өвөр хангай, Өмнөгов аймағы.
— торгууд (керейдің ұрпағы деп мойындалған) Завкхан, Өвөрхангай, Төв, Увс, Хобда аймағы
— хорчин (керей харақин ұрпағы ұрпағы болуы мүмкін)- Өвөрхангай аймағы.
хорчит (керей харақин ұрпағы болуы мүмкін) — Дорнод ,Сұхбаатар, Хэнтий аймағы
Хуралжин хошудд(керей ұрпағы болуы мүмкін) — Увс аймағы1.
— хошууд (керей ұрпағы болуы мүмкін) — Баянхонгор, Өмнөгов, Сұхбаатар, Увс Хобда аймағы
Ортағасырдағы «Алтан хурдэн мингам хигээсэгу» атты монғол дерегінде барынша жақсы суреттелген ХV ғасырдың аяғы мен ХVІ ғасырдың басындағы оқиға 6-шы бөлімде «Улус владыки Хасара, отоки шинэ минган табун, муу мин- ган, урад, таталчин, будачин, алтачин, горлос составляют левое крыло 7 туме- нов. Хэрэйд, жуйд, их минган, гуун хэшиг, тубэгэн, сахайд эти 6 отоков называ- ются Кереитским улусом правого крыла» — деп айтылады2. Хасар ұлысы қазіргі Монғолияның ішкі жағына орналасқан, сондықтан бұл ұлыстың керей ұрпақтары оңтүстік монғолдардың құрамына кірген. Қазіргі оңтүстік монғолдарының ішіндегі монғол тарихын жақсы көріп әуестенушілер (өкінішке қарай деректерге сүйенбеген) керей руларын былайша бөліп көрсетеді:
— хэрэйд
— бага хэрэйд
— йехе хэрэйд
— цаган хэрэйд
— хара хэрэйд
— сагашуд (сахайт)
— зургин (жырқын)
— таңғұт (керей Жақа Қанбу ұрпақтары) — тобуд (тумаут, тубаут)
— тобчууд(тумаут, тубаут)
— түмэд (тумаут, тубаут, бірақ түмән сөзінен шығуы мүмкін)
— хираган(харакин)
— торгуд
— бага торгуд
— хэшигтэн
— хорчид (харакин)1.
Керей ұрпақтарын ұқсас руларға бөлу орда монғолдары ішінде де кездеседі.
Орда түмендері қазіргі аймаққа XVІ ғасырда орналасқан. 1517-1524 жылдары хан болған Бато-Мункхэ — Даян қағаннан кейін Сайын Алаг хаган деген лауазыммен оның үшінші ұлы Барсболад билік етті. Оның үлкен ұлы Гүнбиләг-Мэргэн өзінің әкесінен Ордос түмендігін алған. Гүнбиләк өлгеннен кейін оның 9 ұлы Ордосты өзара бөліп алған. Оң қанаттағы (барунгар) керейдің таңғұт руы Байшоңқор ұлысына, сол қанаттағы зунгар) керейт руы банзар ұлысына, сол қанаттағы Бад- масанбаб ұлысына кірген2.
— олардың харчині харакин — хэрэйд
Үйзэн харчин (харакин)
— ухэр харчин (харакин)
— ухарчин (харакин)
— бага харчин (харакин)
— бага хэрйэд
— хэрчин(харакин)
— хар хэрээд
— хэрээд
— хэрууд
— тангууд (керей Джаханбу ұрпақтары)3.
Буряттардың құрамында керейлердің болғаны туралы мағлұматты
кездестіре алмадық.
Е. Эрдниевтің ескертуі бойынша буряттарда тэрэт деген атаудағы «т»
дыбысының орнына «к» дыбысын қоя салуы мүмкүн4.
Шыңжан ойраттарының арасында керейлердің өмір сүріп жатқаны белгілі.
Өкінішке қарай қолымызда Қытай Халық Республикасындағы ойрат Суар рулары туралы тізімі бар әдебиет жоқтың қасы. Алайда «Тод номын Гэрэл» жур- налында жарияланған Г. Лижээгийннің «Шинжааны ойрадуудын түүх, соел» атты Шыңжандағы ойрат тобын суреттеген үзіндісінде хошу әкімшілігінің бет- ке ұстарлары керейден шыққан деп айтылады. Солай торғыттардағы Тэнгэр уул (Тяньшан) 10 суманнан тұратын Хэрэд хошу1.
Батыс Монғолиядағы келесі айтулы этнос — захочиндер Жоңғар хандығының шығыс жағын күзеткен Галдан Бошоқту ханның тұсында әскер бо- лып келгендердің негізінде пайда болған. Захочиндердің тағдыры әлденесімен орыс казактарының тарихын еске түсіреді. Олардың құрамында шамамен 15 ру, оның ішінде Хээрэд және Харчин (қаракин) бар2.
Захочиндердің көршісі торғыттар болып табылады. 1771 жылы Убаши ханның Жоңғарияға Еділ қалмақтарының үлкен бір тобын әкелгені белгілі3. Онан кейін Цин билеушілерінің шешімімен қалмақтардың жартысы Қобда округіне орналастырылған. Олардың ұрпақтары Монғолияның Ховда аймағындағы қазіргі торғыттар болып табылады. Торғыттардың құрамында 30-ға тарта ру- лар оның ішінде керей ұрпақтары хош уды Вангинхан хэрэйдтер бар4. Батыс Монғолиядағы халқының ең саны көп- ол дербенттер. Олар негізінен Упсунур және Хобда аймағының жерінде тұрады. Олардың ішінде Хошуд, Хэрэйд, кериад рулары кездеседі5.
Көріп отырғанымыздай тарихи процестер Еуразия даласының шығысында монғолдардың орнығу кезі керейдің басым бөлігін монғол тілді этностардың- бурят, халха-могол, ойрат(жоңғар), және қалмақтардың ассимиляциялануы- на әкелді. Жоңғар мен қалмақтардың Қазақстан тарихында үлкен рөл ойнауы ортағасырдағы түркі тілді керей этностары ұрпақтарының монғолға айналып кетуіне әкелді. Түркі халықтарының құрамындағы керей
Керейдің кейбір топтары Шыңғысхан жаулап алғаннан кейін жеке бөліктерге бөлініп түрік халқының құрамына еніп кетті. В.В. Востров пен Н.А Аманжоловтың пікірінше керейдің бөліктері батысқа Еділге дейін жылжыды, сол жерлерде керей этнонимі сақталып қалды және сол атпен олар кейіннен өзбек, қырғыз, аздаған тобы қазақтың құрамына енді. Сондай-ақ керей (кереид, кир- кет, кирийет) этнонимі Қара теңіз даласындағы топонимдерінде бар. Керейдің басқа бөлімдері Солтүстік Қазақстанда қалды және қазақтың Орта Жүзіне керей (қара-керей, абақ-керей деген қазіргі этнониммен –ит жалғауын жоғалтып, сіңіп кетті. Біздің пайымдауымызша, бұл сызба ізденіп тапқан материалдар негізінде жасалғаны көңілге сенім ұялатады.
Моғолстан керейлерінің тікелей ұрпағы ретінде қырғыздың доолос тайпасының герей руы ден мойындауға болады. Керейдің топтары башқұрлардың ішінде де бар. Гэрэй тайпасына қарағай, санкем, бушман және суун рулары кіреді. Башқұрт этнологі Р.Кузеев гэрэй (гэрэй — қыпсақ) этнонимін, гэрэ башқұрдағы, герей-қырым татарларындағы керейлердің ішінара батысқа көшіп келгендігімен байланыстырады. Тайпалық — рулық таңбаларды салыстыра отырып, Ал- тын Орда құрамындағы керейт пен керей қоңыратпен айтарлықтай қарым — қатынаста болған деп есептейді.
Керейдің қоңыратпен тығыз байланыста болғаны монғол жорығына қатысып, шығыста қалған туған жерді бірге естеріне алатындықтан болуы табиғи заңдылық .
Р.Кузеев: «В этом, на наш взгляд, основная причина сочетания кыпчакских, кунгратских и керейских ( или керейтских) этнонимов в одних и тех же образо- ваниях, а так же сходства там, казалось бы, между различными образования- ми»- деп атап көрсетеді1. Қыпшақ белгілерінің ала — құлалығы мен күрделілігін башқұрт тайпасындағы гэрэй- қыпшақ және керей тамғасымен ( этнонимімен) сәйкес келеді.
Башқұрт шежіресіндегі «керей» термині Уфа өзенінің сағасындағы қоңырат — қыпшақ конфедеренциясы билеушілерінің ордасы орналасқан Тура — Тау қаласымен байланыстырылады. Башқұрттың Юмран — Табын шежіресінде Уфа өзенінің сағасында өмір сүрген Герей хан туралы айтылады2. Д.Соколов талдаған Башқұрт шежіресінде Керей ханның сарайы туралы «нагоре на кургане» — деп, оны зерттеуші Уфаның сағасындағы Туратаумен байланыстырады3.
Оның үстіне аңызға айналған Керей хан қоңырат конференциясымен тығыз байланыста болады. Сондай — ақ, башқұрттардың төл сөзінде Тұратау қоңыраттардың ордасы болған деген мынадай жолдар бар «около городаУфы, на реке Белой… была крепость Куграт, жители оттуда переселились в Ургенч … на реке Белой есть гора Тура — тау. Тура — это имя конгуратского хана»4.
Сонымен гэр эй — қыпшақтың пайда болуы XIII және XIV ғасырдың басындағы Алтын Ордадағы этникалық процестерге байланысты. Бұл тайпадағы башқұрлар Дешті — Қыпшақтың керей және қоңыратпен араласқан қыпшақ ұрпақтары болып табылады. Қоңыраттармен бірге бағынышты болған тайпалар олардан кейбір этнонимдері мен тамғаны алуы да мүмкін.
Бұхар және Хиуа хандығындағы өзбектердің арасында да керейлер бар екені тіркелген5. Бұл аймақта керейлер XIII ғасырдағы Мұхаммед Шайбанидың 92 өзбек руының құрамына кіреді. А. Валиди Тоган былай деп көрсетеді: «узбеки повесместно именуются «doksan iki boy Ozbek» (Узбеки 92 племен). Бұл жерде бай тайпа дегенді білдіреді… өзбектерде осы 91 рудың аты аталған түп- нұсқаны таратып жазған шежіре бар… Бұл шежіренің Алтын Орда ( altin orda) дәуіріндегі яғни маңғыт- ноғай, қазақтың бөлініп шыққанға дейінгі ру- тайпала- рын санамалап беретіндегі күмәнсіз1.
Қазіргі өзбектерде дара тұрған керей руы жоқ, бірақ, керейдің марқабаласы бірлестігінде2 өз руының, сондай-ақ Шығыс Бұхар, Хорезм қоңыраттарының құрамында ашамайлы3, Ауғанстандағы өзбектерде минг руы4 тармақтары бар. Бұдан басқа өзбектердің кенегес тайпасында абақ және ашамайлы рулары бар.
Керей ұрпақтары қарақалпақтарда да көп кездеседі. Қарақалпақтың ру- тайпасында жеке керей руы жоқ, бірақ қоңырат конфедеренциясына кіретін ірі ашамайлы бірлестігі бар. Айтпақшы қазақтың да қарақалпақтың да таңбасы бір- біріне сәйкес келеді.
Қарақалпақ қоңыраттары шуллук және жаунгыр (зуунгар) деген екі бөлімнен тұрады. Шуллук Қият, Ашамайлы, Қолдаулы, Қостамғалы, Балғалы, Қандеклі, Қарамойын, Мүйтен руынан құралады. Ашамайлы саки, қарақожа, жаланғаяқ, айыллы, қабасан, түркменқара, жапар, сары, абыз, ақай, панқара, үшбас, құрама деген 13 рудан тұрады. Сондай-ақ, өзбек пен қарақалпақ керейлерінің (ашамай- лы) қоңыратпен байланысы және башқұр герейлеріндегі бақылау да өздеріне көңіл аудартады.
Осылайша, біз Шығыс-Дешті Қыпшақ тұрғындарының XVI ғасырда Мұхаммед Шайбани өзбектерінің құрамында Мауереннахр жеріне көшіп келген өзбек пен қарақалпақ керейлерінің және ашамайлы ұрпақтары деп есептей ала- мыз.
Түркмен тайпасы арасында герейлі руы бар, оның кейбір белгілерін керей- мен байланыстыруға болады. Чандырдағы Жарты-Қала мен Қызыл-Имамда және Сумбара өзені құятын Шарлауықта (Шарлоук) орта ғасырлардағы зират- тарда биіктігі 5 метрлік тас бағанды құлпытастар бар. Онда адамның пішіні ойылып салынған (мұсылман дінінің тыйымы болғанына қарамастан) және шеңгел сияқты шиизмге жататын атрибут және басқа белгілер де бар. Бұл жер- де тұратын түркмендер-гоклен және йомудтар бұл құбылысты герей тайпасы- мен байланыстырады5. Каспийдің оңтүстік-шығысында және Огурчин аралында орналасқан орта ғасырдағы герейлер өз алдына тайпа болған. Түркмен этно- графы С.Атаниязов герейлерді қазақ керейлерінің туыстары және Моғұлстан керейлерінің ұрпақтары деп есептеген6. Қазіргі герейлі (герей) дюеджі, йомуд, теке тайпаларының құрамына кіреді. Дәстүрлі жазбада герейлі Оғұз ханның ұрпағы ретінде оғұз ханның 6 ұлының ішіндегі күңінен туған баласының ұрпағы деп есептейді: «назовем имена сыновей, родившихся у этих шести сыновей Огуз- хана от наложниц. Однако какой из них от [какого] из сыновей [Огуз-хана] — не известно. [Вот их имена]: Кене, Кyне, Турбатлы, Гирейли, Султанлы, Оклы, Кoкли, Сучлы, Хорасанлы, Йуртчы, Джамчи, Турумчи, Кумы, Соркы, — его [по- томков] теперь называют сорхы, — Курджык, Сураджык, Караджык, Казыкурт, Кыргыз, Тикин, Лала, Мурдашуй, Сайыр»1.
Түрікмен этнографы А Джикиев түрікмен тайпасындағы герейді VIII ғасырдағы оғыз түркменмен байланыстырады2. Алайда, Әбілғазы баһадүр шығармасының кеш жазылғанын ескере отырып, герейлінің қырғыз және тикин сияқты оғыз этнониніміне жатпайтын сөздерімен бір тізімде тұрғанын көргеннен кейін біздің шынайы көзқарасымыз бойынша герей Дешті-Қыпшақтағы керейдің ұрпағы. Рашид-ад-диннің жазғанында Оғыз ұрпақтарының ішінде герейлі жоқ, Әбілғазы баһадүр бұл персонаждың болғандығын айтады. Осыларды ескере отырып, керейдің шамамен XIV-XVI ғасырларда түрікмен тұтқындары құрамына еніп кеткендігін айтуға болады.
Қазақтың ең жақын туысы ноғайдың да «керей» трибониміне байланысты туыстық топта екені байқалады. Осылайша орта ғасырда да маңғыттарда да керей сөздері сақталса. Яғни олардың түп атасы бұзаулық-керей болған3. Онан басқа үйсін руында ашамай деген бар.
Қырым гирейлерінің негізін салушы Хаджы Керей сұлтанның жоғары көтерілуі керей тайпасынан шыққан қырым ноғайларының үлкен рөл атқарған деп есептеуімізге негіз бар. Қырым хандарының генеологиясына арнаған еңбегінің бір тарауында К.Э Босворт былай деп көрсетеді: «В период междоусо- бий, сотрясавших Золотую Орду после 760/1359 г., в Крыму утвердилась одна ветвь потомков Джучиева сына Тока-Темюра. В начале они были вассалами Тох- тамыша, но затем, с начала ХV в., полностью сбросили с себя зависимость от Золотой Орды и образовали самостоятельное ханство во главе с Хаджи-Гиреем (ум. в 871/1466 г.). Родовое имя Гирей (Герай) образовано, возможно, от керей, названия одного из родов, входивших в состав Золотой Орды, который оказал поддержку Хаджи-Гирею. Так или иначе, Крымское ханство стало одним из са- мых долговечных государств Чингисидoв»4.
Керей руының атының шығуы туралы осындай ой-пікірлерді белгілі қырым-татар тарихшысы профессор Халил Иналджикте ұстанады5. Ресейдің ірі шығыстанушысы В.В. Бартольд Хаджи-Герейдің екінші аты ханзаданың арғы аталары керей руының шығуына байланысты болған деп есептеген6.
Хаджы бұл атақты өзінің ұрпақтарына мұра етіп беріп кетуді сол кезде мақсат ете қоймаған сияқты. Оның ұлдарының ішінде тек қана Менлы Дирей де- ген атты алып жүретіндей мансапқа ие болмаған. Не әкесінің мұрагері атанбаған. Есесіне Менліден кейін бұл ат осы әулеттің әрбір ханзадасына беріле бастады. Кейін Қырымда арғын, шырын, барын деген рулар пайда бола бастады, бірақ, керей деген этноним сол елді мекеннің аты болып қалып қойды.
Камераль жазбаларында 1771 жылы Қырымда Қарақұр қадықлықтары Керит, Качи Беш Парсы қадықлықтарының Джан-герей1, Маңғыт қадықлықтарының Көк-герей2, Керей және Абақ Сақал қадықлықтарының3, Са- марчик Керейт қадылықтары, Керей және Күшік-Керей Четырлық қадықтары4 ауылдары болғаны айтылады.
Орталық Поволжьеге кірген керейдің жеке топтары угрофин халқының құрамына сіңіп кетті. Керебеляк атты марий ауылының шығу тарихы керей- мен байланысты. Бұл ауылдың пайда болуы туралы марий әдебиетінің негізін салушы Сергей Григорьевич Чавайн өзінің «Иыланда» атты әңгімесінде былай жазған. Керей, Қарай, Шығақ атты ағайынды үш жігіт Еділ өзенінен өтеді. Сонан кейін өздерінің көшіп келіп орналасуына қолайлы жерді таңдау үшін көздерін байлап, үш рет айналып, садақпен атады да, оқтың бағыты бойынша тұратын жерді белгілейді. Қарай қазіргі Мари республикасының Қазан қаласына жақын Волжа ауданына орналасады. Эл Шығақ Юмут өзенінің оң жақ жағалауын таңдайды. Оның бойы ұзын болғандықтан оны Кугу Шигак деп атайды. Соған орай ол ауыл Болшое Шигаково атанады. Керей Юмут өзеніне өтіп орманның шетіне қазіргі Филипсола ауылына орналасады. Ол жер құмдақ, құнарсыз еді, оған Керей –аң аулап та өмір сүре аламыз, тіпті мұнда үйдің терезесінен қарап- ақ ағашта отырған құсты атып алуға болады-деп жауап береді. Кейін Керейдің ұрпағы өсіп көбейеді. Соған байланысты бұл ауыл Керебляк деп аталды. Марий тілінде керей-влак тұқым яғни керей тұқымы деген сөз. Уақыт өте келе Керей- влак дыбыстық өзгеріске ұшырап Керебляк болып айтылады.
p.s.: Материал фейсбук әлеуметтік желісінен алынды.