«Tugurulhan.kz» тарихи-танымдық порталы

Әкем Ілияс туралы

Авторы tugurulhan.kz
604 қаралым

Біздің порталға асылдың сынығы, Ілияс Жансүгіровтың ұлы Саят ақсақалдың мынадай бір жазбасы келіп түсті. Саят Ілиясұлы әкесінің бұған дейін еш жерде жарық көрмеген бірнеше мақаласын ұсынған екен. Әрине, қазақ қайраткерлерінің табылған кез-келген дүниесі біз үшін алтынға пар.  Біз төменде ақсақалдың өз алғысөзімен жазылған Ілияс Жансүгіровтың мақаласын қуана жариялап отырмыз. Бір жылдан кейін бұйыртса, тоқсанға тола
Бір жылдан кейін бұйыртса, тоқсанға толамын. Бір ой әманда маза бермейді.  Басты міндетімді орындап үлгеруім керек деп ойлаймын. Менің басты міндетім – әкемнің (ақын Ілияс Жансүгіровтың) лайықты ұлы болу! Ол кісі туралы егжей-тегжейлі  көп жазыдым ғой.  Әкеме қатысты тыңғылықты зерттеу жұмыстарым да бар. Биыл республикада бірқатар ғылыми-тәжірибелік конференциялар өтті. Атап айтқанада  «Құлагер» поэмасы ағылшын тіліне аударылды.  Алматы облысының ғалымдар тобынан жасақталған делегацияның Мәскеуге, Санкт-Петерборға жасаған экспедициялары аяқталды  сондай-ақ,   ақынның  125 жылдығына орай туған елінде іс-шаралар өтті. Ілиястың Мәскеудегі Журналистика институтында оқыған (1925-1928) кезі  бойынша Бақыт Алтынбековтың жазған  «Прерванный полет» атты жұмысы ерекше құрметке ие. Оны мен Алматы қаласындағы  Қазақстан Республикасы Президентінің Архивіне табыстадым. Олар бұл еңбекті зор құрметпен қабыл алды.

Мен  де әкем  секілді сандаған мақалалар мен өлеңдер жаздым. Мамандығым  тау инженері болса да, басқа зерттеушілердің жарияланған жұмыстарын орыс тіліне аудардым. Естеріңізде болса, Маяковский былай деп жазған еді ғой;

Поэзия та же добыча радия

В грамм добыча, в год труды

Изводишь единого слова ради

Тысячи тонн словенской ерунды!

Ілияс мұрасында  оның журналистикаға ерте кезден-ақ араласқаны ерекше орын алады. Бақыт Алтынбековпен бірлесіп біз Ташкенттегі оқу кезінде жүргенде Ілиястың жазған, бұрын еш жерде жарияланбаған бірнеше мақалаларын, сондай-ақ «Ақ жол» газетінде (1920ж.) корректор болып жүрген кезіндегі еңбектерін де таптық.  Осы сәтті пайдалана отырып, оқырмандар назарына әкемнің мақалаларын ұсынсам деймін…

Құрметпен,

Саят Ілиясұлы ЖАНСҮГІРОВ

Ұқсас жазбалар