«Tugurulhan.kz» тарихи-танымдық порталы

Тарихшылар арасында байқау жариялаймыз

Авторы tugurulhan.kz
802 қаралым

11 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz –“Tugurul han Оn-han” корпоративтік қоры Шыңғысхан дәуіріндегі әйгілі тұлға Тұғұрұл хан және оның ұрпақтары – Сібір хандары Тайбұға хан, Сейдақ хан атындағы тарихшы-ғалымдарға арналған республикалық байқау жариялайды, деп хабарлайды қордың ресми сайты tugurulhan.kz.

Байқаудың басты мақсаты – “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында талантты жас тарихшылар мен жетекші ғалымдарды, зерттеушілерді іздестіру, олардың ғылыми және шығармашылық жұмыстарына қолдау көрсету. Сонымен қатар Тұғұрұл хан, Тайбұға хан, Сейдақ хан туралы деректерді жинау, зерттеу жұмыстарын жүргізу және олардың ел басқару саясаты мен ерлік-батырлықтарын насихаттау.

Байқау 2020 жылдың наурыз айына дейін жалғасады. Байқауға еліміздің барлық тарихшы-ғалымдары, жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттары мен PhD докторанттары, ғылыми-зерттеу институттарының және орталықтарының, музейлері мен архивтердің қызметкерлері т.б. қатыса алады.

Байқау шарттарымен мына сілтеме мына сілтеме арқылы танысуға болады.

Ұқсас жазбалар