«Tugurulhan.kz» тарихи-танымдық порталы

Тәуелсіздік мерекесіне орай ғылыми-теориялық конференция өтеді

Авторы tugurulhan.kz
809 қаралым

18 желтосқан. Нұр-Сұлтан. Tugurulan.kz – Тәуелсіздік мерекесіне орай Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, “Достар” мәдениет сарайында, «Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жүзеге асыру аясында Отан тарихындағы тұлғалардың рөлі» атты ғылыми-теориялық конференция өтеді, деп хабарлайды tugurulhan.kz  сайты.Шыңғысхан және одан кейінгі қазақ хандары дәуірінің қалыптасуына ықпал еткен тұғырлы тұлға Тұғырылханның өмір жолы мен ерлік іздері моңғол, парсы, түрік, қытай, орыс, жапон жазбаларында кезігіп қана қалмай, Марко Поло, А.Андреев, Н.А.Аристов, Г.Ф.Миллер, т.б. еңбектері арқылы да әлемге әйгілі.

Тарихи тұлға – Тұғырылхан есімін көтеру Ел басының «Болашаққа бағдар: Рухани Жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы мен президентіміз Қ.Тоқаевтың «Алтын орданың 750 жылдығын мерекелеу» аясындағы үндеуіне сай қолға алынып отыр. Ұлы дала тұлғаларын көтеруде ҚР Білім және Ғылым минстрлігі Ш.Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология инситуты, ҚР Мемлекеттің тарихы инситуты, т.б. лар арнайы зерттеулермен айналысуда.

Осындай жұмыстар аясында «Тұғырылхан-Оң хан» корпоративтік қоры тарихи тұлға – Тұғырылхан есімін көтеруге қатысты әр түрлі іс-шараларға бастама болып отыр. Соның алғашқы жемісі ретінде қор жағынан жаңадан жарық көрген «Тұғырылхан» атты тарихи деректер жинағын атауға болады.

Конфернцияда ғалымдар тарихи тұлғалардың рөлі мен қызметіне аялдай келіп, Тұғырылхан тұлғасына да кеңінен тоқталады. Әрі жаңадан жарық көрген «Тұғырылхан» кітабының тұсауы кесіледі. Аталған кітап құзіретті мекемеконфелер мен аудан, ауылдықтағы барлық кітапханаларға сыйға беріледі.

Аталған іс-шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері мен көрнекті ғалымдардан – Зиябек Қабулдин, Бүркітбай Аяған, Қаржаубай Сартқожа, Жандарбек Мәлібеков, Дихан Қамзабек, Серік Негимов, Абай Тасболатов, Нұрлан Әлімжан, Өмірзақ Озғанбаев, М.Сарбасов, Қ.Хожамұратова, т.б. лар және БАҚ өкілдері қатысады деп күтілуде.

Іс-шара20 желтоқсан күні жергілікті уақыт 15:00-де Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, “Достар” мәдениет сарайы, Сүлейменов көшесі,10 үй мекен-жайында өтеді.

Байланыс тел: 8-776-13-11378

Ұқсас жазбалар