«Қазақстанның Ұлттық Агроөнеркәсіптік Палатасы» заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер Қауымдастығының төрағасы, «Tugurul han – on han» корпоративтік қорының басшысы, меценат, кәсіпкер Асылхан Игібаев «Орталық» халықаралық офицерлер қауымдастығының арнайы марапатына ие болды.
Украина елінен келіп жеткен марапат Асылхан Жұмабайұлына «Қазақстан мен Украина халқының арасындағы достыққа қосқан ерекше үлесі» үшін берілді.
Алдағы уақытта Украина елінде өтетін мерекелік кеште арнайы марапатты және күміс медальді «ОРТАЛЫҚ» арнайы ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес офицерлерінің халықаралық қауымдастығының президенті Блог Давиденко тапсырады.
Орталық Халықаралық офицерлер қауымдастығы 2000 жылы 22 сәуірде құрылған. Қауымдастық ұйымдасқан қылмыстың қазіргі жай-күйін зерделеу және талдау, заңнамалық түрде қарсы күрес шараларын әзірлеу жұмыстарын жүргізу жұмыстарымен айналысып келеді. Сондай-ақ арнаулы қарулы күштердің ардагерлеріне әлеуметтік көмек көрсету және әскери күштерге қаржылық, материалдық-техникалық және зияткерлік көмек көрсетеді.