«Tugurulhan.kz» тарихи-танымдық порталы

Сібір аймағын мекендеген Қазақ руларының шежіресі

Авторы tugurulhan.kz
2681 қаралым

(Көшім ханның заманынан бері және одан бұрын Тайбұға (Тұрғақты) әулеттері тұсында)

Керейлер VIII-IX ғасырларда түркі тайпасының құрамындағы белді рулардың бірі ретінде тарих сахнасында белгілі бола бастаған рулардың бірі. Рулық таңбасы «X». Бұл сол дәуірде керейлердің христиан дінінің несториандық ағымын ұстанғанын көрсетеді. Араб тарихшыларының дерегі бойынша сол кездегі керейлердің саны 900 мыңға дейін жеткен. XIII ғасырда Шыңғыс хан Азия даласын мекендеген көшпелі тайпаларды бағындырған кезде керейлер елеулі қарсылық көрсетті. Бір бөлігі Абақтар мен Ашамайлылар және кіші жүздегі Керейіт тайпалары Шыңғыс ханды қолдап оның жорықтарына қатысқан. Бағынбаған керейіт тайпаларының бір бөлігі  Абескун (Атырау) теңізіне қарай ойысып сол жерде тайпалық бірлік құрып кіші жүздің құрамына енді. Олар түпкі ныспысын жоймай Керейіттер деген атауға ие болды. Шыңғыс ханның шапқыншылығынан бас сауғалаған енді бір бөлігі Наймандардың көсемі Даян ханды паналап найман тайпасының құрамына еніп «қара керей» атанды. «Қара» термині көне түрік тілінде көп деген мағынаны білдіреді. «Керейіт» сөзі де көпше түрде Керейлер деген мағынада. Керейлермен ежелден ауылы аралас, қойы қоралас болған Уақ тайпалары да Шыңғыс ханға біршама қарсылық көрсетіп, кейіннен осы екі тайпа оның өзге түркі тайпаларын жаулап бағындыру жорықтарына қатысып үлкен қолдау көрсетті. Ежелден бұл екі тайпаны жалпылама атаумен «Керей-Уақ» деп атайды. Шыңғыс ханның даңқын көтеріп басқа түркі тайпаларын бағындыруда көп еңбек сіңірген керей-уақ Тоғрыл хан немесе кейбір тарихи деректерде Он хан. Еңбектерін жоғары бағалаған ұлы қағанның үшінші ұлы Шағатай бұларға Сібір аймағына иелік жасау үшін  кең байтақ жерді бүтіндей сыйға тартқан. XIV ғасырдың екінші жартысында Тоғрыл ханның ұрпағы Тайбұға әулеттері (шежіре бойынша Он ханнан Сәмкен, Үкі, Арыстан деген үш ұл туады. Үкіден Мәмек би – одан Тайбұға, Тайшық. Тайбұғадан Сібірдің алғашқы хандары болған Омар мен Мардан туады).Тайшықтың баласы Алшағыр және немересі Сауысқан әр жылдары кезектесіп билік құрды. Тайбұғаның  Марданнан туған ұлы Дәулетше оның баласы Әбілқайыр да өз заманында Тайбұға жұртының ханы болды (шамамен  1420- 30 ж. ж. аралығы). Сауысқанның ұрпактары Бердімұкамед бек және Берді бек тұкымдары керейдің ұрпақтары Тайшыбек, Төртқара, Бесқаралар Тарышы Балта мен Көшебе руларының арасында Тарышы аталарының ішіне сіңіп кеткендері Қазақстанның теріскейін мекендеп қалды. Негізі бұрынғы Көкшетау облысының жеріндегі Жөкей көлінің аймағында. Олар  Сібір хандығының ірге тасын қалады. Тайбұға әулеттерінің қазық қаққан орталығы Чимга-тура немесе Шымтұрақ қаласы болды.  Қазіргі Түмен қаласының орыны. Қаланың қабырғасы әуелде шымнан қаланған. «Тура» сөзі көне түркі тілінде тұрақ немесе қоныс деген ұғымды білдіреді. Сібірдің соңғы ханы Сейдахмет (Сейтек) Жәдігер баласы. он жылдай Көшіммен хандыққа таласты. Онымен бірге туған   Бекболаттың Сайынболат, Қайырболат, Қантайболат, Құлтайболат есімді ұлдары болды. Шыңғыс хан тұқымдары Тайбұға әулеттеріне қауіп төндіре бастағанда  Жәдігер орыстармен одақтасу үшін Бекболаттың кәмелетке толған бір баласын  Мәсаеуге аманатқа берді. Хандық тақтан үміті бар Сейтек жалғыз ұлы Жанбақтыны аманатқа беруге қарсы болды. Кейін өзі де орысқа тұтқын болып сол жақта орыстан қатын алып балалы шағалы болып қалып қойды. Хандықтың негізін керей-уақ, қыпшақ рулары және арғынның «жеті момын» аталатын бөлігі құрады. Ресей патшалығы Сібірді жаулап ал ғаннан кейін осы өлкені ежелден мекендеген қазақ руларының көпшілігі ата қоныстарын қимай қалып қойды. XVII-XVIII ғасырларда олар іргелес қоныстанған татар-башқұрттармен мидай араласып ассимиляцияға түсті де Тобыл татарлары, Сібір татарлары, Бараба татарлары, Тебриз татарлары деп атанды. Он жетінші ғасырдың екінші жартысынан бастап тілі мен ділі татар-башқұрттарға біршама жақындаған бұларды қыр қазақтары «естектер» деп атады. «Ескі тек» деген ұғымды білдіретін тәрізді.

Сібір хандығы қазақ хандығынан бір ғасыр бұрын өз алдына жеке шаңырақ құрған, негізі қазақ руларынан құралған алғашқы қазақ мемлекеттерінің бірі деп ұққанымыз жөн. Бұл тарихи деректер әлі де терең зерттеуді қажет етеді.

Керей – Ашамайлы, Абақ болып бөлінеді.

Абақ – Шеруші, Молқы, Жантекей, Ителі, Итемген, Шұбар айғыр, Көнсадақ, Меркіт, Жастабан, Шимойын, Қарақас, болып он екі атаға бөлінеді.

Ашамайлыдан – Майқы  – одан Жашты – одан Төбе – одан Жарғақ –  одан Жанай –одан Бағлан, одан Танаш – Танаштан – Кешу – одан Балта, Көшебе, Сибан, Тарышы, Зибан. Зибаннан – Сырым керейлер мен Тарақты, Қамбар рулары. Көнекөз қариялар Тарақтыны орта жүздің жетінші руы және ноқта ағасы дейтін. Бұлар ноғайлы дәуірінен бұрын өз алдына Тайбұға династиясының Керей-Уақтармен бірге құраған тайпаларының бірі. Сібір хандығы жойылғаннан кейін Есім хапнның заманында  Арғындардың құрамына енген рулар. Тарақты, Сырым тайпасының ежелгі мекені Сібірдегі Сүйір мен Тобыл өзендерінің аңғары. Ресей патшалығының Сібірді жаулап алған заманында Сырымдардың бір бөлігі ашамайлы керейлердің арасында қалды да, қалған бөлігі орыстарға бағынбаймыз деп қырға ойысып Арғынның Бәсентиін руының ішіне сіңіп кетті. Тарақтылар Елтінжал – Аманқарағай өңірінен қуғындалып Арқадағы Сарысу өзенінің арнасын мекендеп Шуға дейін тарады. Тарышыдан – Шимойын, Жастабан Жәдік. Шимойыннан Қуанбай, Жиенбай тарайды. (Шимойынның кей ұрпақтары Сібірді орыстар жаулап алған заманда Абақ керейдің бірсыпыра аталарымен бірге Қара Ертісті өрлеп Алтай асып кетті) Қуанбайдан –Досмаиыл, Смағұл, Ысқақ,  Смайыл (орыс жылнамасында, татар тарихында Исмаил деген есіммен белгілі адам, Сібірдегі Тайбұға династиясының өрлеп, өркендеуіне қызмет еткен тұлға) – одан Ақсары, Күрсары, Тезағай, Жарылғас. Ақсарыдан –Ақымбет, Тоқымбет, Нұралы, Нұрымбет, Еменалы, Бает. Жарылғастан – Ажы. Тезағайдан – Самай, Матақай, Байтеке. Баеттен – Есенбақты, Есенберді. Есенбақтыдан –Андағұл, Абыз, Шегір, Есенбердіден – Қожағұл, Қызылқұрт. Қожағұлдан – Құрманәлі, Ақсүйрік. Қызылқұрттан – Есенжар, Жәнібек. Есенжардан – алты ұл Байжол, Байғара, Байсары, Қаратал, Кенжебай, Өтеп. Жәнібектен – алты ұл Тыныбек, Жәдігер, Кәген, Мәдет, Қонақай, Есенжол.  Еменалыдан – Ырыс,Бедел, Досымбек, Дәулетімбет.-Одан Шегір, Құлке ,Шақантай, Кұсан.  Құсаннан  – Құттыбай, Байқуаныш. Құттыбайдан  -Баян, -одан   Байғабыл, Байғана, Бертіс, Жолтабар, Сарықұл, Серғали. А0ымбеттен

Күрсарыдан – Есеналы (Көшім ханның түсін жорыған бас уәзірі), Есбол. Есеналының бәйбішесінен – Құдайберді (негізінде Құдайқұлдың баласы, бауырына салып алған немересі), Құдайқұл, Құдас, Майбасар,  Жәбіке (Қауырлық тайшының қызы Наушадан, кей шежіреде Майбасардың баласы, Есеналының бауырына салып алған немересі). Құдастан – Төбет, Ораз, Шора, Ырысқұл, Жауқашты. Төбеттен – Алтай, Сатай, Сатайдан Әлдебек би (Соқыр би – Қожаберген жыраудың шәкірті, 1685-1772 ж.ж. шамасында өмір сүрген, зираты Омбы облысының Тәбіршан ауданында. Хан Абылайдың  баласы Қасымды хан тағының мұрагері болуына мүлде қарсы шыққан би),  Қабыл, Нартай, Таз, Бесқара.

Есболдан – Сақал, Сары, Бөрке (Бурас), Құрман, Дуадақ, Төбет.

Сақалдан – Меңдібай, Алдияр, Қошқар. Бурастан –Жәнібек, Мәлібек, Байтайлақ. Құрманнан – Оразбай, Жантолы, Ақтолы, Жақсыбай.

Төбеттен – Өтебай, Бәйімбет, Асан, Үсен.

Дуадақтан – Итбақпас (азан шақырып қойған есімі Сәттімбет), Ырысымбет (інісімен малға таласып Торғай даласына көшіп кеткен).

Итбақпастан – Үшұзақ, Байзақ, Өмірзақ, Кәріұзақ.

Байзақтан – Айтбай, Жанбай. Өмірзақтан – Орысбай, Жуанетік, Күшік.

Орысбайдан – Тәтіке би – одан Мәлгаждар, Фазыл, Әнапия. Әнапиядан – Саттар, Жаппар, Әжікен.

Сарыдан – Балта, Қайдауыл, Қанатбай (Қонақбай), Шегрек (бірінші әйелі Қарағұлқызы Төлкеден) екінші әйелі Сырғадан – Малай, Бақтыбай, (Малай-Бақтыбай егіз туған) Толыбай, Түктібай.

Бақтыбайдан  тоғыз ұл – Кегентай, Ақжігіт, Жанжігіт, Досай, Дона, Өмір, Қарабас, Шіреншек, Шақаман.

Қайдауылдан тоғыз ұл –  Тыныбек, Тілеуберді, Жанғозы, Батыртоқа, Байтоқа, Байғыз, Дәулет, Мәмбет, Тоқтас,

Шегіректен – Алдаберді, Байсүгір, Кенжебай және Байболат батыр – одан Өтеп, Байтұяқ, Қараайдар, Ақайдар.

Өтептен – Текебай – одан Бердібай – одан Маңдай.  Маңдайдан – Бектемір (бірінші әйелі атығай руының белді шонжарлары Маңдай және Жандай Жанұзақовтардың қызы Хұсниден), Шынтемір? Бектемірден – Қожахмет, Шаяхмет, Нұрахмет. Қожахметтан – Әнуар, Шаяхметтен – Әйтіш (Айтмұхамбет), Жұмабай.

 Байтұяқтан – Өмірбек (Етекбай) – одан Тақан – одан Жақып – одан Қабдолла.

Сары атамыздан тараған ұрпақтары Балта, Қайдауыл, Қанатбай, Шегрек  аталары толығымен Омбы облысын мекендейді. Бұл төрт ата патшаның Сібір қазақтарын билеу туралы Жарлығы шыққан заманда Төлке- Күрсары керей болысы атанған (Төлке Қарағұлқызы құба қалмақтың билеушісі, ойрат-шорас тайпаларының көсемі  Қарағұл   тайшының қызы). Төлке анамыздың емшегін еміп тел өскен Малай-Бақтыбай Күрсары керей болысы өз алдына жеке қауым болды. Аналары Сырғаның емшегінен сүт шықпаған соң Төлке анамыз бауырына басқан. Малай-Бақтыбай әулеті жайынла Төлке анамыздан: «Жақсы болсаңдар өз алдарыңа жеке қауым болып  Малай-Бақтыбайым, жаман болсаңдар есігімдегі малайым мен мал бағатын бақташым боласыңдар» деген сөз қалған. Белгілі мемлекет қайраткері Ж  г жДюұмабай Шаяхметов осы Шегіректің Маңдай атасынан (Маңдайдың бірінші әйелі Жанұзақовтардың қызы). Ұлы әкесі Бектемір нағашылары Атығайларда (Жанұзақовта әулеті, бұл әулет патша ұлықтарына қызметі ұнап үлкен шен-шекпендерге ие болған.) тәрбиеленген. Шаяхметов өзінің өмірбаянында шыққан тегі кедей шаруа деп көрсетеді. Бектемір өз заманында елге сыйлы азамат болған деседі. Баласы Шаяхметтің өзі шағын ғана шаруасы бар орта таптың адамы болған. Бірақ кірме болғандықтан Жанұзақовтар тарапынан көп қиянат та көрген. Омар Сансызбаев атамыз, өзімнің ұлы әкем Мұқанжар Омарұлы екеуі 1920 жылдары Шарлақ уезінде  қызмет атқарып жүрген кезінде кешегі Бектемір ағамыздың көзі, ағайынның баласы деп Жұмабай Шаяхметовті, ауылда мұғалім болып жұмыс істеп жүрген жерінен жаңадан құрылып жатқан  милиция органдарына қызметке шақырған.

Малай керей

Малайдан – Әйтімбет, Бабыс.

Әйтімбеттен – Жұман, Бұланбай, Дәуіт, Өлмесек (бірінші әйелі Мүгілсімнен), екінші әйелі Гүлшеден – Бекбау, Баубек, Қыстаубай.

Бабыстан – Бұқар, Өтеп, Жолболды, Қозыбақ (Көтібақ).

Ұқсас жазбалар