«Tugurulhan.kz» тарихи-танымдық порталы

Алашорданың мөрі

Авторы tugurulhan.kz
907 қаралым

Өткен ғасырдың басында, яғни 1915-20 жылдары Ресейдегі патшалық билік құлатылып, империя тағдыры Уақытша үкімет пен Кеңестік большевиктердің қолына алма-кезек өтіп, құйқылжып тұрған заманда қазақ зиялылары автономды тәуелсіз Қазақ мемлекетін құруға ұмтылды. Осы мақсатқа жету үшін саяси партия құрды. Оның атын «Алаш» деп атады.

Қазақ зиялылары осылай саяси партияның негізін қалап алған соң, ұлттық үкімет орнату үшін Жалпы қазақ құрылтайын өткізу қажет деген шешімге келді. Яки, 1917 жылдың шілде және желтоқсан айларында екі рет Орынбор қаласында Жалпы қазақ құрылтайын өткізді.

Әсіресе, 1917 жылы 5-12 желтоқсанда Орынборда өткен ІІ Жалпы қазақтық құрылтайында: «Қазақ-қырғыз автономиясы «Алаш» деп аталсын! Ұлт кеңесі құрылып, оның аты «Алашорда» болсын!» деген шешім қабылданды. Ұлт кеңесінің (үкіметтің) орталығы (астанасы) ретінде Семей қаласы таңдап алынады.

Сөйтіп ел болудың қамына кіріскен алаштықтар облыстық бөлімшелер құрып, кеңселік басқару іс-қағаздары арқылы ресми түрде жұмысын бастап кетеді. Қазір бұл құжаттардың барлығы Семей қаласындағы Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығында сақтаулы тұр.

Аталмыш мекеменің ғылыми-анықтамалық және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Лаура Қадырованың айтуына қарағанда, Алашорданың кеңселік іс-қағаздарының қолданылуы 1918 жылдың маусым айынан бастап, 1919 жылдың қазан айы аралығын қамтиды екен.

Осы аралықта жан-жаққа жолданған кеңсе құжаттары Ұлт Кеңесінің арнайы бланкісіне жазылып, оны ресмилендіру үшін мөр басылған. Мөрдің жиегін айналдыра орыс тілінде «Всекиргизсая Народный Совет Алаш-Орда» деген мәтін жазылса, дөңгелек ішінде қазақ тілінде, араб әліпбиімен «Қазақ қырғыздың уақытша үкіметі Алаш-Орда» деп жазылған екен.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ

Ұқсас жазбалар