«Tugurulhan.kz» тарихи-танымдық порталы

Әйгілі Шыңғысхан жайлы біз білмейтін шындық

Авторы tugurulhan.kz
1359 қаралым

Шыңғысхан –жарты әлемді жаулап алған билеуші.Шығыс тарихшысы Иби Әл Асырдың айтуынша, Шыңғысхан Қашқар мен Баласағұн(Түркістан аймағы), Самарқанд пен Бұхара (Өзбекістан) Қырғыстан, Тәжікстан, Қытай, Түркия, Сирия, Ирак, Әзірбайжан, Үндістан секілді елдермен қатар Азияның жарым бөлігін билеген даңқты тұлға.

Оның немересі Бату хан (екінші аты-Саин) ақылды да дана саясаткер, көрнекті қайраткер, орта Азия мен Ауғаныстанды, Иран мен Ресейді (табиғаттың қыс мезгілінде, мұндай жаугершілік өз заманында Напалеон мен Гитлердің де қолынан келмеген) Украина мен Польшаның, сондай-ақ Германия, Венгрия, Италияны жаулап ала отырып Шыңғысханның соңғы теңізге дейін жетсем деген (Балтық теңізі) арманын орындаған мұрагер.

Әлемде ешбір қолбасшы жер жүзін жаулап алумен қатар ол елдерді бірнеше жылдар бойы уысында ұстап тұрудан Шыңғысханға тең келмейді.

Шыңғысханның шыққан тегі кім? Бұл атақ үшін көптеген халықтар таласуда. Бұлардың қатарында әлем билеушісін өз тегіне таратқан қытайлар да, маңғолдар да бар. Сондай-ақ, өзге халықтар да бұл даудың дәл ортасынан орын тебеді. Өйткені, мұндай бүкіл әлем мойындаған адамды өз ата-бабасы ету, қай ұлт үшін де үлкен мәртебе еді. Әлем тарихшылары әлі күнге дейін Шыңғысханның қандай ұлт өкілі екенін біле алмай бас қатыруда. Ал қазақ тарихшылары бұл тақырыпты зерттеуді әлі қолға ала да қойған жоқ.

Жазушы әрі тарихшы Қалибек Данияровтың 2000 жылы жарық көрген “История отечество” атты кітабында қазақ мемлекеті мен Шыңғысханның жасанды тарихы бейнелеген. Бұл кітапта әр уақытта жарияланған ғылыми жұмыстар жинақталған. Келешекте бұл іс әлем түркітанушыларының жілік майын шаққандай етіп зерттеуін талап етеді.

Шыңғысханның шыққан тегі туралы моңғолдық тұжырымының әлемге кең таралуына себепші болған не? Бұл бағытта ғылыми зерттеулер жүргізілмеген. Тарихсүйер қауымға I Петрдің жарлығымен Алтын Орданың ірі қалалары мен ескерткіштерін жою туралы жарлығы шыққандығы жақсы мәлім. Сарай-Бату қаласы (қазіргі Астрахан облысындағы Селитреново селосы), Сарай-Берке (қазіргі Волгоград облысы, Царево селосы), Танаис (Дон өзенінің төменгі ағысы), Хаджы-Тархан (Волга өзенінің оң жақ сағасы), Сарайшық (Урал өзенінің оң жақ сағасы) және басқа қалалар мен мавзолейлер осы жарлықтың арқасында жойылған еді. Әсіресе, Ресейді жаулап алған Бату ханның қабірі тарихтанушылар тарапынан ұзақ ізделді. Бұл саясат одақ кезінде өте қатаң түрде, ұзағынан жалғасты. Алтын Орда және Шыңғысханның немерелері туралы кез-келген мәлемет-адам өмірінің құнына пара-пар болды. Осылайша белгілі ғалым Е.Бекмаханов қазақ тарихының алғашқы баспалдақтарын жазғаны үшін 25 жылға түрмеге қамалған еді. Ол кезеңдерде, яғни одақ кезеңінде халықтардың тарихы мен мәдениетін зерттеуге тиым салынған. Шыңғысханның шыққан тегі туралы өзіндік мәні жоқ моңғолдық тұжырымдама бәрінің, соның ішінде Мәскеу мен Қазақстанның оң жамбасына келетін.

Ұлы моңғолтанушы Э.Хара-Даван және басқа да моңғол тарихшылары Шыңғысханның жаңа заманға Моңғолияның ханы болып сайланғанына қарамастан, моңғолдық екендігі туралы аңыз ойлап тапқан. Расында, 1206 жылы Орхан өзенінің алаңқайында (жаңа Монғолия аймағында) қазақтың төрт руы қият, найман, керей, меркіт бас қосқан құрылтайда оны ақ киізге көтеріп, жаңа мемлекет ханы етіп сайлаған еді. Осы аталған рулардың он екі биі оған Шыңғысхан деген жаңа есім берген. Одан әрі ұлы моғолтанушы былай деп жазады: ”Шыңғысхан моңғол болғандықтан бүкіл моңғол руы мен тайпалары оның жорығына қатысып отырған”. Бірақ сол кезеңдердің тарихи жазбаларында жаңа монғолдардың ата тектері айтылмаған. Тек Шыңғысханның екі жарғы-Жасақ пен Білік найман жазбалары түрінде (бұл қазіргі қазақ тіліне жақын) орыс князьдарымен арадағы жазған хаттары сақталынған.Өкінішке орай, бұл осы күнге сақталған Шыңғысхан туралы жалғыз құжат болып отыр. Ол кезеңдерде Шыңғысханға өзге елдердің көптеген оқымыстылары, саяхатшылары, көпестері атбасын жиі бұратын. Олар өз сапарларында бұл халықтың саяси тұрақтылығы, тұрмысы, мәдениеті туралы жазбалар жазатын. Атап айтар болсақ: Чан-Чунь (1222ж), Пен Дая (1223ж), Сюй Тин (1235ж), Плано Картини (1246ж), Чжан де Хай (1248ж), Гильом де Рубрук (1253ж), Ата Малик Джувейни (1251ж), Марко Поло (1274). Бұл адамдардың барлығы қазақ рулары және татарлар туралы көп жазған, алайда моңғолдар туралы бірде-бір жазба жоқ. Жоңғар мемлекеті (жоңғарлар моңғолдардың ата-тегі) 1635 жылы құрылған. Алғашқы қонтайшы, яғни билеушісі Чорас руынан шыққан Боотур еді. Мұнда бір назар аударатын жәйт – қонтайшы атағы моңғол хандарында кездеспейді. Тарихшылар атап көрсеткендей, 1249 жылдан, яғни қазақтардың тарихи отанына қоныстанғанынан бастап, бос қалған Моңғолия аймағына солтүстік қытайдан 400-500-дей халық киіз үйімен қоныстана бастаған. Олар хайуандарды пір тұтқан. Өздерін көк бөрі мен марал ананың ұрпағымыз деп есептеген. Буддизм діні моңғолдарда 16-17 ғасырларда ене бастаған. Моңғол тайпаларына чорастар, хошимиуттар, торғауыттар, дүрбеттер, баяттар, халхалар және басқа да тайпалар жататынды. Рашид ад-Динаның кітабында: ‘

«Наймандар моңғолдарға жоғарыдан қарайтын» деп жазылған. Найман анасы Таян-хана Гүлбасы міне, моңғолдар туралы осылай деп атайтын. Монғол халқының келбеті де сонымен қатар, ұлттық киімі де көз тартарлықтай емес еді. Олардан аулақ жүруге тырысатын. Ал, Білік пен Жасақ жазбаларында жазылғандай, сұрықсыздық ластық үшін қазақ халқында қатаң жазаланатын.

Әлем тарихшылары Шыңғысханның шыққан тегі моңғол екендігіне ешқашан сенбеген. Олардың зерделеуінше тегі-түркі. Ал, Шыңгысханның қазақ руы қияттан шыққандығын белгілі тарихшы-археолог К.А.Иносртанцев өзінің “Хунну және Гунну” атты кітабында 1926 жылы атап өткен. Бұл кітапта, сондай-ақ қазақ халқы ата-бабаларының ғұн қағаны Жиде Талас өзені маныңдағы біздің эрамызға дейінгі 48-ші жылы Тараз қаласын соққандығы жайлы айтылады.

Шынғысханның азан шақырып қойған аты Теміршін (қазақша мағынасы – Темірші) болған. Бұл есіим ең алғаш қытай архивінде кездесіп, тарих қойнауынн еніп кеткен. Қытай тіліңде «р» әріпі болмағандықтан, бұл әріп «ч» әріпіне ауысып, есімінің алғашқы нұсқасы өзгерген. Шыңғысхан есімін он екі би үш сөзден құраған: Шың-биік таудың шыңы, ғыс-жарық (әзірбайжан қазақтарында осылай аударылады), хан-мемлекет басшысының атағы (хандардың мұндай атағы тек түркі халықтарында ғана кездеседі). Тұтасымен бұл есім-биік, жарық хан дегенді білдіреді.

 Шыңғысханның туыс-тумаларын атап өтсек: Әбілғазы-Шыңғысханның ата-тегі былайша өрбейді: Шынғысхан-Есукей-Біртан-Қабылхан-Түмкехан-Байсұңқар-Қайду-Датумен. Шынғысханның үш бауыры болған: Хасар (Қайсар), Бектер (Бектұр), Белғұтай (Белгітай). Шешесі-Оян меркіт руынан шыққан. Шыңғысханның бірінші әйелі Бөрте-қоңырат руының тумасы. Шыңғысхан қартайған шағында өзінің жаулап алған жерлерін алғашқы некеден туылған төрт ұлына, яғни Жошы, Шағатай, Үкітай, Төлелерге бөліп берген.Адам есімі оның қай ұлттың өкілі екендігін нақты көрсетіп тұрады. Ганс, Фриц, Отто деген есімдерге қарап отырып олардың неміс екендігіне көз жеткіземіз. Жоғарыда аталынған Шыңғысхан туыстарының есімдеріне үңіле отырып, оларды қытайлық не болмаса моңғолдық деп атау орынсыз. Енді ұлы билеушінің нөкерлерінің шыққан тегіне тоқталайық. Қол басшылары-Жебе және Сүбітай қият руының өкілдері. Бала кезгі дос-Жамұха,қ олбасшы Мұхали екеуі де жалайыр руының тумалары. Бас бақсысы Мұнлық найман руынын көрнекті өкілі. Ал, бас төреші, мемлекеттің екінші тұлғасы болып есептелетін жан –Шеге-құттық меркіт руанынан. Карап отырсақ, мұның бәрі қазақ есімдері. Қазіргі таңдада қазақ халықында мұндай есімдер жиі кездеседі. Шынгысханның айналасында деншілігі қазақтар болғандығын тарихи жазбалар да нақты дәлелденді. Шынғысхан әскерінің 90 пайызы қазақтардың, 7-8 пайызы татарлардан, 3-2 пайызы өзге ұлт өкілдерінен кұралған. Жалдамалы әскерді ертпеген. Бостандықты сүйетін, абыройы асқақ, ар-намысы биік қазақ халқы ешқашан да өз халқын өзге ұлт өкілдеріне билетпеген.

Шыңғысханға табынатын тұлғасы онын бабасы-Еділхан еді. Атила секілді олда әлемнің жартысын жаулап алып, соңғы теңізге дейін жетуді көздеген еді. Ол,с ондай-ақ көшпенді тайпалардың басын біріктіріп, оларды ғұндар деп атаған. Арғы тегінің ізімен жүре отырып, төрт рудың бірі –жаңа мемлекетті қалай атау керек екендігін білмей бас қатырады. Атила секілді ол да жаңа атау ойлап тапты: мың-қол. Мыңсан атауын білдірсе қол-әскер, мыңдаған әскер дегенді білдіреді. Бұл таза қазақ сөзі. Мыңқол сөзі бірте-бірте өзгеріске ұшырап, моңгол деген сөзге айналған. Бұл жағынан біз ирандық тарихшыларға қарыздармыз. Олар бірнеше ғасырлар тоғысында өз мемлекетерін басқаруда басты тұлға болғандықтары үшін жалайыр руынан

шыққан қазақ хандарына деген өкпелері қара қазандай. Жүздеген жылдар аясында қазақ руларының басы бір шанырақтың астына жиналған. Оларды ғұндар мың қолдар қазақтар деп атаған. Қазақ деген сөз тіркесінің де тарихы қызық . Ежелгі уақыттағы қытайлар парсылар  өзге ұлт өкілдері біздің ата бабамызды хасағ деп атаған . Сақ-Сақ деген мағынаны білдірсе ал ха-тіркесі нағыз сақ дегенде меңзейді. Қытайлықтарда «қ» әріпі жұмсақ түрде «х» болып айтылады.

Қазақтар мен моңғолдардың ұлттық дәстүрлері бір-бірімен мүлдем жанаспайды. Мысалы, моңғолдар қайтыс болған адамды қабір басына апарып, жер бетінде қалдыратын. Қайтыс болған адамды жер астына жерлеу оларда бертін, тек коммунистік партияның жарлығы арқасында ғана жүзеге асты. Екі халық мүлдем екі дінді ұстанған. Ислам дінін қабылдағанша қазақтар мың жылдық көк тәңіріне табынған. Әлем тарихшыларының болжауынша көк тәңіріне тек қазақ тайпан. Бұл турасында Шыңғысханның тікелей ұрпағы Шоқан Уәлиханов өзінің «Признаки шаманизма у казахов» атты еңбегінде кеңінен атап өтеді. Моңғолдар ешқашанда құдайды жалғыз деп қабылдамаған. Олардың сенімінде бірнеше құдайлар бар болған. Алматы облысының аумағындағы Алатау шыңдарында қазақ халқының баяғы замандарда бас иген діннің символы ретінде Хан-Тәңірі биігі менмұндалайды. Шыңғысхан мәңгілік табынушылар қатарына жатады. «Мәңгілік көк аспан маған әлемді билеуге әмір етті» оның бұл сөздері осы күнге дейін сақталған. Ал,қазақ тайпалары жалғыз аспан мен жарық құдайды-тәңірге табынған.

Ол кезеңдерде құрбандыққа жылқы малы шалынатын. Адамдар тау басына арнайы көтеріліп құрбандыққа шалынған жылқының қанымен тастарды бояп, бас сүйегін биік ағашқа ілген. Таңқаларлығы сол бұл дәстүр осы күнге дейін сақталған. Бүгінгі таңда қариялар жылқы малы сойылғаннан кейін, бас сүйегін әлі де биікке іліп қояды. Сол секілді, жерлеу рәсімі де тәңірге табынған заманнан осы күнге дейін бәз қалпында сақталып келген. Ислам діні бойынша, адамның бет бейнесін кескіндеуге, яғни бейнелеуге тиым салынған. Шыңғысханның бейнесінің сақталмағандығы сондықтан болар. Дегенмен де,оның кескін -келбеті жайында жазбалар көптеп кездеседі. Ол жазбаларға сүйенсек, ол ақшыл сары түсті, сақалды, көк көзді адам болған. Ал, қытайлықтар мен монғолдардың кескіні бұл жазбаға сай келмейді.

Шыңғысханның Қытайға, Орта Азияға, Таяу Шығысқа жасаған әрбір сапарлары туралы мағлұматтар тарихи мұрағаттарда молынан сақталған. Алайда, оның қазіргі Қазақстан аймағында жүріп өткен жолдары туралы материалды ешбір жерден кездестіре алмаймыз.

 Ал, енді қият, найман, керей, меркіт секілді жұмбақ тайпалардың тереңіне үңіліп көрейікші. Шыңғысханның әкесі Есугей хандық еткен қият руының атауы қазақтың «қияды» деген сөзінен шыққан. Жергілікті диалектіде әлі күнге дейін «қият» деген сөз қолданыста. Моңғол тілінде мұндай сөз мүлдем кездеспейді. Әмудария өзенінің жағасында (Өзбекстанға қарасты Қарақалпақ Автономиялы Республикасы) Қият деп аталатын кішкентай ғана қалашық бар. Көктем мезгілінде өзеннің бұл жағалауы арнасынан асып, жырылып кетеді. Яғни –қиятын. Дәл осы Қият қаласында атақты оқымысты Бируни дүниеге келген. Жоғарыда айтып өткеніміздей Шыңғысханның әкесі Есукей қият руының ханы болған. Оның қол астында Тайшиут руының өкілдері де бар еді. Бұл ру өкілдері Шыңғысханның қас-жауларының бірі саналған. Тарихшылар бұл оқиғаны былайша баяндайды: монғолдық Тайшиут руының тумаларына түркілердің қият руынан шыққан өкілдеріне бағыну өте қиынға тиді. Сондықтан да олар Теміршіннің халықты басқарғанына қарсы еді.

Теміршін 1155 жылы дүниеге келген. Бірақ дәл қандай жерде туылғандығы белгісіз. Қият руы Монғолия аумағында тарихи жағдайларға байланысты көшіп қонып жүрген. Белгілі қазақ жырауларының жырын зерттей келе, Халел Досмұхамедов Шалкиіз жыраудың туындысында қытайлар турасында айтып өткендігі нақтыланды. Қазіргі таңда қият руының үш тума-тамыры болғандығы белгілі болып отыр. Олар: Жауыршыншы, Айдын, Тобықты. Әйгілі «Қобыланды батыр» эпосынан білетініміздей, қияттықтардың саны ол кезеңдерде қырық мың киіз үйді немесе 200-240 мың адамды құраған. Сонымен қатар, «Қыз Жібек» эпосында аталмыш ру Жабағайлы деген атаумен аталған. Бұл рудың өкілдері Ресейдің қазіргі Челябі және Орынбор аймақтарында тіршілік етіп, бірте –бірте жоғалып кеткен. Сондай-ақ, қият руының өкілдері Самара, Волгогард, Саратов, Ростов облыстарында, тіпті Солтүстік Кавказда да тіршілік етеді деген болжам бар.

Сол дәуірде найман руы қазақтың ірі руларының бірі саналған.Олардың жеке мемлекеті, өз хандары болған. Плано Карпини кітабының кіріспесінде Наймандардың өз жазба таңбалары болғандығы көрсетіледі. Наймандардың жаугершілік ұраны ежелгі ғұндардың батыры Қаптағайдың құрметіне орайластырып-қаптағай болып бекітілген. Қаптағай атауы таза қазақша емес. Қазақтың шежіресіне сүйенсек, Найман үш бірдей ірі рудан құралған. Атап айтсақ: Терістаңбалы (Мәмбет,Рысқұл), Сарыжомарт (Балталы, Бағаналы, Көкжарлы, Бура, Қаратай), Төлегетай (Қаракерей, Тортуыл, Матай ,Садыр). Шыңғысхан дәл осы Наймандардан әйгілі Орхон- Енесей ескерткіш тастарында басылған альфавит жазбалары ретінде қабылдаған. Наймандардың соңғы ханы Білгехан болды. Жошы ұлысында көптеген Наймандар мемлекеттік қызметтердің тұтқасын ұстаған, сондай-ақ әскербасы болған. Қазіргі таңда Қазақстанда 1 миллионнан астам Наймандар өмір сүруде.

 Керей –көне тарихи басылымдарда Керей деген атпен көптеп таныс. Ең алғаш болып Керей ханы Тоғырылхан өлгеннен кейін Шыңғысханға тізе бүккен Керейлер еді. Тоғырылхан 1202 жылы ойламаған жерден ордасында Шыңғысхан басып келгенде шайқаста қайтыс болды. Керей сөзі «кер» және «ей» сөздерінен құралған. Орта ғасырдағы қазақ руларында «кер» сөзінен құралатын адам аттары жиі кездескен. Мысалы: Кероғлы, Кербұлақ, Керөлең т.б. «Кер»сөзінің мағынасы қазақ тілінде «өршіл» деген мағынаны білдіреді. Керей мемлекеті құлағаннан кейін керей руы екіге бөлінеді: керейлер және ескі атауын сақтап қалған керейіттер.Керейлер екі ірі елге бөлінген: Ашамалы-Керей және Абақ-керей. Бұл екеуі де қазақтың Үш жүзінің орта жүзіне жатады. Керей руының ішіне төмендегілер кіреді: Ашамайлы, Абақ, Едік, Жартай, Сайшақ, Арбалы, Ершақ, Жастабақ, Шайқас, Сарман, Қонақбай, Обаған. Бұлар кәзіргі кезде кіші жүздің құрамында. Осы деректер қазақтың үш жүзінің мекен еткен аймағына қарай құрылғандығын көрсетеді.

 Енді қазақтың Үш жүзіне тоқталып өтсек. «Жүз» деген сөз қазақ тілінде «бет-бейне» деген мағынаны білдіреді. 1718 жылы Тәуке ханның өлімінен кейін қазақ хандығы үшке бөлініп, Үш жүз құралған. 1723 жылы қазақ жеріне жоңғарлар шапқыншылық жасаған кезінде қазақты біртұтас басқаратын хан болмаған. Мемлекет үш жүзге бөлініп, оларды Төле би, Қазыбек би және Әйтеке би басқарды. Мұның бәрі екі ірі мемлекет Ресей мен Қытайдың ортасында қолайлы орналасуына жағдай туғызды. Керейлердің «Ақсақал, Ошыбай, Ашамай» атты жаугерлік ұрандары таза қазақ сөздері. Ашамай ұраны қазақтардың ежелгі түркі қағанаты заманындағы ұрандарының бірі болып саналады. Керейлердің бір бөлігі бүгінде Қызылорда облысында, ал көптеген бөлігі шет мемлекеттерде: Қытайда, Моңғолияда, Қарақалпақстанда, Өзбекстанда және Кавказда тірлік етуде.

Меркіттердің нақты атауы – Меркейіт. Ежелгі қазақ тілінде «мереке» сөзі «мерке» деп аталған. Мысалыға, Жамбыл облысындағы Шуға құяр тұстағы әйгілі Мерке өзені, сол жердегі аудан орталығы, ірі елді мекен Меркені дәлел ретінде алуға болады. 18-19 ғасырларда осы Мерке аумағында Қарахан қамалы болған. Шыңғысханның анасы Оян Меркіт руынан тарайтын Ағнұр тумасы. Бірқатар тарихшылар меркіттердің Шыңғысханның жас кезінде оның еліне шапқыншылық жасап, әйелі Бөртені ұрлап кеткендіктерін жазады. Шыңғысхан меркіттерді осы үшін жойып жіберуге шақ қалған деседі. Алайда, 1206 жылы Шыңғысханды ақ киізге көтеріп, хан етіп сайлау салтанатында да, оның бүкіл әскери жорықтарына да меркіттер қатысып отырған. Меркіттер 5 тумаға бөлінеді: Ағнұр, Лепсі, Шағар, Тыңда, Сақау. Меркіттердің соңғы ханы Тохтыбек болған. Бүгінгі кезеңде меркіттер Қазақстанның Ертіс аумағында және Қытайда өмір сүруде .Осы бір сан мыңдаған және өте ежелгі қазақтың руының бір кездері өз мемлекеттері мен жеке хандары болған деген болжам бар.

Шыңғысхан мемлекетті 1206 жылы қазіргі таңда қазақ халқының бөлігін қамтитын төрт бірдей рудан құралған. 1207-1210 жылдары аталмыш мемлекетке қазақтың Жалайыр, Қоңырат, Маңғыт секілді руларымен қатар, татарлар да қосылды. 1217-1218 жылдары Шыңғысхан өзінің мемлекетін Қазақстанның солтүстік және шығыс аймақтарына қарай, Ұлытау тауының бөктерін орталық етіп, қоныстандыра бастайды. Осы уақытта оған Қазақстанның Оңтүстік, Батыс және Шығыс аймақтарында тұратын өзге рулары қосылады .Атап айтсақ: Үйсін, Албан, Арғын, Шапырашты, Ошақты, Ысты, Алшын, Дулат, Қыпшақ және т.б. Қазақ халқының басы біріккен тұста Шыңғысхан қазақ руларына тән қыз беру, келін алу секілді салт-дәстүрді одан әрі жандандыра түсті. Осының арқасында, қазақтың рулары арасындағы қарым-қатынас қатая бастайды. Рулардың бірігуі еш қан төгіссіз өтеді. Ғылымда мынандай бір шындық бар: «Егер өзеннің жасын білгін келсе, оған құяр сағаның қанша жасағанын білуің керек». Қазақ халқының басын біріктірген рулардың тарихы өте ежелден бастау алған. Аттила әскерінің шапқыншылығына қатысқан Дулат руы туралы көптеген тарихи қолжазбада атап көрсетілген. Аттиланың ұлдарының бірі-әйгілі аты аңызға айналған Алаш батыр. Дулат руы сондай-ақ, Қырғыстан аумағында ел басқару ісіне де өз үлестерін қосқан. Ал, Албан руының ата-тегін қазіргі Албания еліне өрбіген деген пікір бар. Сондай-ақ, Арғын руының да тарихы да өте қызық. Өте ежелгі әрі ірі ру тумаларының бірі-Арғындар қазақ халқы мен мемлекеттің тағдырына үлкен әсер тигізген. Олар 6-шы ғасырда Атилла, 18-ші ғасырда Жоңғар шапқыншылықтарына қатысқан. «Арғын» сөзі ертеде «арғұн» деген сөзден пайда болған. Соңғы бөлігі «ғұн» яғни, ежелгі тайпаның атауымен білдіреді. Жорықтарын батыстан бастаған Арғындар бірте-бірте қазіргі Транссібір магистралі (БАМ) трассасы бойымен алға қарай жылжи бастайды. Тіпті қазіргі таңда да Ресей жерінде қазақша атаумен аталатын жер –су аттары көптеп кездеседі. Мысалы алатын болсақ: Байкал (бай-көл), Енисей (енесу), Амур(әмір), Ангара(ана-қара), Лена (лан), Колыма(қолым), Зея, Алдан, Учур (ұшыр), Витлим (бітім), Бурея (бөрі), Тында, Чара (шара), Тайшет. Ал батыс сібірде мынандай қазақ тіліне тән жерсу аттары жиі аталады: Кемерово ( Кемер), Объ (өбу), Катунь (қатын), Бия (би), Томь (том), Чулум, Кеть (кет), Тым. Қазақ тілінде айыру белгісі жазылмайды. Бүгінгі күнде Ақмола облысында Арғын руының ішіне кіретін Алтай тумасының өкілдері мекен етуде. Бұлардың ата –бабасы кезінде сонау Алтай тауын мекендеген. Осы, жоғарыда аталған қазақ рулары жайында том -том кітап жазуға болады.

1923 жылдың көктемінде, Шыңғысхан 68 жасқа қараған шағында құрылтай өткізеді. Бұл құрылтай Қоспа мекенінде (қазіргі Жамбыл облысы, Жуалы ауданының маңайы) өтеді. Аталмыш жиында Шыңғысхан өзінің империясын алғашқы әйелі Бөртеден туылған төрт ұлына бөліп береді. Шыңғысханның барлық әйелдерінен 20 ұлы болған. Бірақ, ежелгі түркі салты бойынша тақ мұрагерлеріне тек алғашқы әйелден туған ұлдар ғана үміткер бола алған. Дәл осы құрылтайда Жошы ханның үлесіне Ертіс пен Еділ өзендері мен батыс аймағы тиеді.Сонымен қатар, ол оңтүстіктегі қазақ рулары мекен еткен ұланғайыр жерге де иелік етеді. Ал ,Шағатай Орта Азияны мұрагерлікке қабылдайды. Шыңғысханның бұл ұлы оқымысты, әрі филолог болған. Мемлекеттік тіл – Шағатай тілі Моңғолдармен теміршіндердің мемлекеттік тілі болып саналып, кең көлемде тарайды. Ал үшінші ұлы Үкітайға Қытай аумағын басқарумен қазіргі Моңғолия жері еншілікке тиеді.

Ұзақ жылдар бойы Бейжіңді мекен еткен В.П.Шкуркин 1227-1370 жылдар арасындағы Шыңғысханның ұрпағының Юань әулетінің тынысы жәйлі көптеген мәліметтердің жарық көруіне мұрындық болған. Осы әулеттің ұрпақ жалғастырушыларын атап өтсек, олар: Гүлхан-Үгедейхан-Гүйікхан-Мәңкехан-Құбылайхан-Темір Хашан-Құлық-Бүйінті-Шәдібала-Есен Темір-Іле Жебе-Тоқтан Темір.

Шыңғысханның төртінші ұлы Төлеге Үндістан еншілікке тиді, ақыр соңында Төле бұл аймақта моңғолдардың іргесі берік мемлекеттің іргесін қалады. Әйгілі «Түрік шежіресінде» Әбілғағазы былай деп жазады: «Шыңғысханның әйелі Бөртенің аяғы ауыр кезінде Меркіт ханы тұтқынға алып, ол аталмыш хандықта 2 ай уақытын өткізеді. Алайда, Керей ханы Тұғырыл Бөртені тұтқындықтан босаттырып, оны Шыңғысханға табыстайды. Жол бойында Бөртені толғақ қысып, дүниеге шекесі торсықтай ұл келеді. Жөргекке оралған ұлын көрген Шыңғысханның қуанышында шек болмайды. «Бізге Жолшы келді» деп, жарияға жар салады. Міне, Жолшы, яғни Жошы есімінің қазақ тіліндегі сөз екендігіне ешкімнің күмәні болмаса керек. Жошы ханның мемлекеті – ұлы Жошы атауына  ие болды. Кейінен ұлы Ұлыс мемлекет астанасы болып бекітіліп, Алтын Орда деп аталады Бұл қалада шамамен 700 мың адам тіршілік еткен. Ұлы Русь жерін жаулап алған Бату-Жошы ханның үлкен ұлы. Іс жүзінде ол әкесінің ісін жалғастырушысы болып табылады. Жезқазған қаласынан 45 шақырым жерде Кәңгір өзенінң жалғасында Жошы ханың мавзолейі тұр. Қазақ аңызында Жошы хан Ақсақ құланның тұяғының астында өлген деген болжам бар. Тіпті бұл оқиғаға орайластырып «Ақсақ Құлан» көне күйдің де бар екендігінен хабардармыз. Академик Әлкей Марғұланың басшылық етуімен Қазақстан ғылымының Академиясының ғалымдары Жошы ханың қабірін қазып сүйегін зерттегенде, оның шынымен-ақ дәл осылай қаза болғандығы анықталған. Жошы ханың сүйегінің қалдықтарының арасынан оң қол табылмаған. Аңыз бойынша оны Ақсак Құлан кеміріп, тістеп әкеткен көрінеді. Аталмыш мавзолейде  қазақтың он сегіз бірдей руының өкілдері өз таңбаларын тасқа қашап қалдырған. Қызығы сол, бұл таңбалардың арасында бірде-бір оаңғолдық белгі жоқ. Сондай-ақ, Жошы ханның мовзолейінде оның әйелі, Керей ханы Тұғұрыл ханның қызы Бектімұштың да сүйегі табылған. Құрылысы жағынан Жошыхан мовзолейіне ұқсас болып келеді.

1227 жылы жошы ханды жерлегенен кейін Шыңғысхан үлкен құрылтай өткізді. Бұл құрылтайда Бату хан болып сайланады. Көптеген тарихи жазбаларда (13-15 ғасырларда) бату хан Сайын хан деген атпен көптеп кездеседі. Бату ханның әскерінің жасақталуына көптеген қазақ рулары сонымен қатар, Жошыхан мемлекетінен шыққан театрлар батысқа қарай жылжи отырып, өз үлестерін қосады. Бұл жерде айта кететін бір жәйт, өздерінің санының аздығына қарамастан, театрлар бату хан әскерінің қатарын көбите білді. Олар бату ханның көптеген әскери жорықтарына қатысып отырған. Ұлы Русь жерін жаулап алғаннан кейін, татар билері Бату ханды өз өтініштерін білдірді. Бұлардаң өтініші бойынша батухан бұл халыққа қазіргі Татарстан жерін, сондай-ақ Ульянов обылыс аумаған, Чувашия, Удмуртия, Мариел, бұрынғы Вять Губерниясын бөліп берді. Үш жыл өткен соң бұл аймақтарда Қазан хандығы құрылады. Батысқа жорыққа аттанбастан бұрын Бату хан алты жыл бойы дайындық жүргізеді. Жалпылама алғанда, Бату ханжорықтың жобасын сыза отырып Шыңғысханың тәжірибесін пайдаланды. Бұл уақыттарда ежелгі Киев Русін мекен еткен халық соғыс пен аштықтың, қайыршылықтын дәмін татуда еді. Шаруашылықтары құрдымға кетіп, халықтың күн көрісі қиындаған уақыт болатын. 1237 жылдың қысында Бату хан Ұлы Русь жерін басып кіріп, бір жыл шамасында тізе бүктірді. Ұлы Жошыға бағынғандықтарын білдіріп, Киев руі 300 жыл бойы оларға алым-салықтарын төлеп тұрды. Бірқатар тарихшылар осы жылдар аралығында Киев Русі халық саны бес есеге көбейді деп жазды.

Бату ханның өзінің алғыс хаттары мен қатынас хаттарын қазақ тілінде өте жақын тілде жазған. Бату хан да өзінің атасы Шыңғысхан секілді тәжірибелі қолбасшы, мемлекет қайраткері бола білді. Тіпті, одан да асып түсті. Шыңғысхан секілді олда өте ірі мемлекет құра білді. Алайда, оның құрған мемлекеттері Азияда емес-Еуропа аумағында еді.

Шыңғысхан қайда жерленген? Бұл сұраққа көптеген әлем тарихшыларын қызықтырытындығы шындық. Көптеген жылдар бойы жапондықтар  Шыңғысханның қабірін Монғолия аумағынан заманауи ультра құрылғыларымен іздеді. Бірақ таппады. Қытайлықтар өз мемлекетінің теңгелеріне, оның қабірін іздеп әуре. Алайда, ең алғашқы ғылыми іздеулер өз нәтижелерін беруде.

1223 жылы Шыңғысхан хандығы бөлінгенен кейін ол Қазақстан территориясынан кетпеген. Шығыс Қазақстан облысындағы қазіргі Курчатов қаласы тұсында Ертіс өзенінің жағасында өзінің ордасында ғұмыр кешеді. 1227 жылы Шыңғысхан үлкен ұлы Жошы ханның жерлеуіне қатысып, бұл жерлеуде кейін құрылтай өткізіп, Батуды хан етіп сайлайды. Бұл уақытта Шыңғысхан 72 жаста еді. Қартайған әл-қуаты қалмаған. Аңызға сүйенсек Шыңғысхан өзінің ордасына арнайы жасалған арбада оралады. Бұл қалыпта ол үш мың шақырымдық Монғолия немесе Қытай жеріне Ұлытау шыңдарын асып өте алмас еді. Жошы ханның өлімінен кейін үш айдан соң 1927 жылдың тамыз айында Шыңғысхан қайтыс болады. Біздің алып-қосарымыз-егер Шығысханның быыйнда қазақтың қаны болса, бәрі де өз орнына келеді.

Қазақтың салт-дәстүрі бойынша өлген адамды оны ата-бабасы жатқан дерге жерлейді. Шыңғысханды Көк Тәңіріне танушылар дәстүр бойынша жерлейді. Осы дінге табынған қазақ рулары оның жерленген жерін құпия сақтаған. Плано Карпинидің болжауынша: жерлеушілер үлкен алаңды шөп пен оның тамырынан тазартып, шұңқыр қазады. Осы шұңқырдың қырынан және бір шұңқыр қазды (ақым). Қайтыс болған адамды сол қырынан қазылған шұңқырға жатқызып, шұңқырдың бетін жауып, үстіне шөп тастайды. Қайтыс болған адамның жерлеген жерін осындай тәсілмен жасырып, ешкім таба алмайды деп сенген. Ал жердің бетіне ешқандай белгі қалдырмаған. Ұлдары Берекехан мен Мөңке Темір ханның қабірі секілді Жошы ханынң да мавзолейі көптеген зерттеулерден кейін табылған Жошы ханның ұлдары Ұлыс Жошы мемлекетіне исламды енгізген.

Шыңғысхан жерленген жерлердің болжамдары: 1. Әйгілі Бахты жолы. Ол жерде оның үшінші ұлы Үкітайдың жазығы мекен болған. 2. Қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы, Шілікті жазығы. Бұл жерде оның бірінші әйелі Бөртенің мекені болған. Мәскеулік және Ленинграттық ғалымдар Шілікті жазығын- «Патша жазығы» деп атаған. Өйткені, бұл жерден көптеген ежелгі қорғандар табылған. Шыңғысхан қайтыс болғанан соң, екі айдан кейін оның әйелі Бөрте де көз жұмады. 3.Курчатов ауданы Ертіс өзенінің бойында Шыңғыстау етегінде (бұл таудың ежелгі атауы Кеңдікүш) хан мекені.

Кеңестер одағы кезінде Сталиннің бұйрығы бойынша Шыңғыстау тауларында ядролық сынықтар жүргізілген. Бұл жерде неліктен полигонның орны болғандығы түсініксіз. Алғашқы жоба бойынша полигонның орыны мүлдем басқа жерде болатұғын. Тіпті, жерде көптеген елді-мекендер жағалай орналасқан Полигонның мұнда ашылуы себебі, Шыңғысханның жерленген аймақтың көзін жою деген болжам бар.

Шыңғысхан-қазақ. Қазақтың Қият руынан шыққан. Ол өте ірі әрі іргесі берік мемлекет құра білді. Оның құрхан империясы әйгілі Қытай қорғанынан бастап Балтық теңізіне дейінгі мекен еткен көптеген халықтардың тағдырына әсер етті. Осыны мойындай отырып, қаза халқы өзінің жоғалтып алған нағыз шындық тарихын қайтарады деген сенімдеміз. Бұл жөнінде Қалибек Данияровтың кітабында толықтай жазылған. Ол кітапта өте маңызды бір түйін бар. Ол: «Қазақ руларының бүкіл тарихында шыңғыстықтар мен билер арасында әрқашанда билік үшін соғыс тоқталмаған. Алайда, рулар арасында соғыс ешқашанда болған емес» деді.

Б.Қ.ТАСҚАНБАЕВА

Ұқсас жазбалар