«Tugurulhan.kz» тарихи-танымдық порталы

Төлейтін салығыңызды SMS және PUSH-хабарлама арқылы біле аласыз

Авторы tugurulhan.kz
63 қаралым

19 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Tugurulhan.kz – Салық төлеушілер алдағы төлемдерді SMS және PUSH-хабарлама арқылы біле алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасаған tugurulhan.kz тілшісі.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті ақпараттық жүйесінің «жергілікті салықтар» кіші жүйесін әзірледі.

Екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшасында «Каспи банк» АҚ және «Халық банк» АҚ алдағы төлемдер сервисі іске асырылды.

Енді осы банктердің мобильді қосымшасын пайдаланушылардың барлығы 2019 жылға көлік құралдарына салынатын салық бойынша салық органы есептеген алдағы төлемдердің сомасын көре алады және осы қосымша арқылы бірден төлем жасай алады.

Алдағы төлемдер бойынша ақпаратты қосымша арқылы пайдаланушыларға SMS және PUSH-хабарлама түрінде жіберіледі.

Хабарламада 2019 жылға көлік құралдарына салынатын салықтың есептелген сомасы туралы ақпарат көрсетілген, оны ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін төлеу қажет.

Бұл ретте, есептелген көлік құралдарына салынатын салығы аладғы төлемдер банктердің мобильдік қосымшасындағы алдағы төлемдер сервисінде салық төлеушінің есеп бетінде қалыптасқан төлемін (артық төлемін) есепке ала отырып көрсетілген.

SMS және PUSH-хабарламаларындағы көлік құралдарына салынатын салық сомалары салық берешегі саналмайтынын хабарлаймыз, сондықтан, аталған көлік құралдарына салынатын салық сомасы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің порталындағы « Есебі мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәлімет» сервисінде көрінбейді.

Ескере кетсек, есептеу кезінде көлік құралдарына салынатын салық бойынша алдағы төлемдердің мәліметтерін ҚР Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетінен (ІІМ ӘПК) алынды.

Ағымдағы жылдың желтоқсан айына тіркеу есебіне қойылған көлік құралдары бойынша алдағы төлемдер туралы ақпарат ІІМ ӘПК мәліметтерді берілуіне қарай жаңартылады.

Көлік құралдарына салынатын салық салық кезеңінің соңына дейін меншік құқығы сатып алынған айдың 1 күнінен бастап, яғни ағымдағы жылдың соңына дейін не меншік құқығы берілген айдың 1 күніне дейін нақты иелену кезеңі үшін есептеледі. Бұл ретте салық кезеңі ішінде көлік құралына меншік (сату) құқығын берген жағдайда, нақты иелену кезеңі үшін төлеуге жататын сома көлік құралын тіркеу есебінен шығарғанға дейін бюджетке енгізілуге тиіс.

Жеке тұлғалар үшін салықтық рақымшылық жүргізу шеңберінде салық берешегі болған жағдайда жеке тұлғалар ағымдағы жылдың соңына дейін борыштың негізгі сомасын өтеген жағдайда есептелген өсімпұлды есептен шығаруға құқылы екендігін қосымша хабарлаймыз.

Бұл акция 2018 жылғы мүлік салығы мен жер салығы бойынша берешекке қолданылмайды.

Жеке тұлғалар салықты басқа да тәсілдермен төлей алады: екінші деңгейдегі банктер бөлімшелерінде немесе төлем терминалдарында қолма-қол ақша қаражатымен, банкоматтар мен төлем терминалдарында банктік карталар көмегімен немесе ҚР ҚМ МКК сайтында электрондық сервистер көмегімен іске асыра алсыз.

Анықтамалық ақпаратты алу үшін жеке тұлғалар бірыңғай байланыс орталығының 1414 тегін телефон нөмірі бойынша жүгіне алады.

Сонымен қатар салық берешегін мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz ресми сайтының «Салық берешегінің болуы/болмауы туралы мәліметтер» бөлімінде тексеруге болады. Салық төлеуші тек өзінің ЖСН-ін енгізуі қажет. Содан кейін, ол өзінің салық берешегінің деректеріне қол жеткізеді. Есептіліктің барлық папкаларын ашуды ұсынамыз.

Ұқсас жазбалар