VIII ғасырдың орта шенінде тарих сахннасында «Кереит хандығы» деген атпен жаңа мемлекет пайда болды. Олар жөнінде тарихи деректер бұл уақыт-қа дейін де кездесетін. Керейлер немесе қарайлар қазіргі Моңғолия жеріндегі Орхон, Онон, Керлін, Тула Тамыр, Арғұн өзендерінің алқабын сонау көне заманнан бер мекендеп келе жатқандығы белгілі.Керей атауының шығуы туралы әртүрлі пікірлер бар. Бірақ солардың арасында Орхон-Енисей жазуларының білгір зерттеушісі, жазушы Қаржаубай Сартқожаұлының керей сөзінің Керлін (Керулен) өзенінің атауына баланысты деген пікірі шындықтан алыс емес сияқты. Ол көне түрік жазуларында (Мойыншор ескерткіші, VIII ғ) бұл қоныс, жер аты «Кейре» түрінде көрініс бергендігін айтады. Қытайда тарихи жазба дерек көздері саналатын көне қолжазбалардың түпнұсқаларын салыстырып, саралап,жинақ етіп бастырып шығару ісін ҚХР үкіметі ХХ ғасырдың 50-жылдары қолға алып, 80-жылға дайін ресми жылнамаларды (хронология) заманауи технологиямен көп томдық етіп баспадан шығарды. Моңғолия және Қытай елдеріндегі қазақ тарихшылары соңғы жылдары керей тарихын зерттеуге қомақты үлес қосуда. Қытай, мұңғұл және қазақ тілін жетік меңгерген шетелдік әріптестеріміз тың тарихи деректерді тауып, талдап және оларды ғылыми айналымға кіргізуде. Олардың зерттеулеріне қарағанда Керлін алқабы ежелден керейлердің түп-тегі тоғыз байырқулар қоныстанып келе жатқан төл мекен. Олар бірде «тоғыз байырқу», бірде «тоғыз оғұз», бірде «тоғыз керейлік» деп атала жүріп, ғасырлар өте келе «керейлер» боп өзгерген секілді. Мұндай болжам керей шежіресінде бұрыннан айтылып жүретін өзен атына қатысты әңгімемен сарындас келеді. Қытай тарихшысы Я.Құмарұлы «Кер деген бұл сөз хандар руының аты. Демек, «керей этнониміжоғарыдағытайпалардыңалғашқы тайпалықодағының көсемі керін яғни хылей (керей) хандарыныңатынан шыққан болуы мүмкін»-деп бұл этнониге өз көзқарасын білдіреді. Қытай көне жазбаларында керей атауына да қатысты деректер кездеседі. Мәселен, «Сүй патшалығының тарихында» Шеп тайпасының көсемі Керін Еркіннің Шығыс Түрік қағандығының үстемдігіне қарсы шыққаны туралы дерек бар. «Таң патшалығының көне тарихы» жазбасында сол Керіннің баласы Хылейдің де қаған болғандығы айтылады. Яғни, осылардағы Керін мен Хылей «Керей» деген атау болуы да мүмкін деген болжамды жоққа шығаруға болмайды. Бұл деректерден Шеп тайпасымен қатар Сеп, Байлау, Қойлау секілді тайпалар атауында кездестіреміз. ХІХ ғасырдың аяғына жататын Мәми шежіресінде Керей ұлысының арғы тегі Шеп, Сеп, Байлау, Қойлау, Елдей, Көлдей, Изен, Жусан секілді тайпалардан таралады делінген. Осы аталардың көпшілігі керей-уақ шежірелерінде бүгінге дейін кездеседі.
Ә.Х.Марғұлан «Алтай, Жоңғар даласында, Енесейде, жоғарыда көр-сеткендей,орхон жазуы бар құлпытастар кездеседі, олардың көбін жазған керей мен үңгіттер. Моңғол дәуіріне дейін бұлар және наймандар тегіс несториан дінін қабыл еткен елдер. Бұл әсіресе олардың крест таңбасынан ашық көрінеді… бұл таңба қазақ керейлерінде осы күнге дейін сақталған. Мұндай крест таңбасы бар құлпытастар (орхон жазуы) Енесей даласында көп…»-деп жазады
Рәшид-әд-Дин еңбегінде сол кезеңдерде Керей мемлекетінің құрамында керейт, қырқын, қоңқайт (тоңқат), сақайт, тобаут, албат, қарақин секілді тайпалар болғанын жазады. Сөз соңындағы «т» әрпі әдетте көптік жалғауды білдіреді. М.Тынышбайұлы осындағы Сақайттан бүгінгі сақаларды (якуттарды), тубауттардан туба жұрттарының атауын көріп, оларды бір кездегі ірі Керей мемлекетінен бөлшектенген елдер болуы кәміл деген болжамды ортаға тартады. Бұл пікірді профессор С.Аманжоловтың «Тоңқатты» тубалардың құрамындағы «Тоңқат», Орхон-Енисей жазбаларында «Құрыққан» түрінде кездесетін «қарақинді» якуттың қазіргі «Құрыққан» тайпасымен байланыстыруы бекер емес. Ал Керей мемлекетінің кезінде ірі де айбынды ел болғанына тарихта дәлел жеткілікті. Кейбір деректер бойынша Х ғасырда керейлер 200 мыңға жуық болған. Моңғол билігіне дейін Керейді Марғұзған, Құршақұз, Бұйрық, Гөр-хан, Уаң сияқты хандар билеген. Уаңның өз аты Торы (Тұғырыл). Ол өз кезінде Қытайдың Алтын ұлысына татар тайпаларын жеңуге көмектескені үшін қытай әміршісінен Уаң хан (бір елдің ханы) лауазымын алған. Уаң ханның (Он ханның) осы есімі кезінде керейлердің несториан дінін ұстағанына қатысты Еуропаға «керейлердің королі Иоан поп» деген атаумен де жеткен екен. Керей ханы өз билігін одан әрі нығайту мақсатында әлемдік діндердің бірі христианның ІҮ ғасырда Антиохий дін мектебінің өкілдер Тарсийлік Диодор және Мопсуэстийлік Феодор негізін қалаған неосториян бағытын қабылдайды. Бұл ілімді уағыздаушы Константинопольдің архиепископы Несториан (428-431 ж.) болатын. Сондықтан да бұл бағыттың есімімен аталды. 431 жылы Византиялық Эфес соборында Несториан бағыты заңсыз деп танылды. Византиядан қуылған неосториандықтардың көп бөлігі шығыс елдеріне тарады. 635 жылы несториан діні Қытайға енді, Тан ұрпағын жалғастырушы император несториандықтарды қанатының астына алып, олардың шіркеу салуына рұқсат берді. Неосториан діні тіпті Жапонияға да таралады. Осылайша неосториандық бағыт христиан дінінің кең таралған түріне айналады.
1007 және 1008 жылдары керей ханы Мерв метрополитіне елшісін жіберді де, өзі бүкіл халқымен бірге христиан дінін қабылдап, Маргуз (Марк, Маркус) атанады. Найман, оңғыт, монғолдың бір бөлігі де христиандықты қабылдайды. Енді Цзубу мемлекетінің бірігуі Ляоға күшті қарсылас болып шығады. Қидандар көшпенділердің ханы Уба (Увар) деп мойындауға мәжбүр болды. 1069 жылы Цзубу Ляо әскеріне тойтарыс береді. Алайда ХІ ғасырдың аяғында дала мемлекеті қайтадан әлсірей бастайды. 1092 жылғы соғыста Маргуз хан ІІ тұтқынға түсіп қалып, өлтіріледі. Керейлер Ляо империясының құрамына кіреді. Керейлер туралы мәліметтер монғол дәуіріне дейінгі «Ляо ши»-де сақталған, Орталық Азиядағы монғол тілді қидандар билік құрған кездегі ұйғыр билігінен кейінгі цзубу бірлестігі. Цзубудың орталық топтарын зерттеушілер оларды тек қана кереймен байланыстырады. Цзубуға керейлерден (орталық топ) басқа наймандар (солтүстік-батыс топ), меркіттер (солтүстік топ), соғдылар кірді. Цзубуға «байырғы» монғолдар және ішкі қидан тайпалары кірген жоқ, Олар жеке одақ болып бөлінгенге дейін Ұйғыр қағанатының құрамына еді. Ұйғыр қағанатының халқы әр түрлі тілде болғаны белгілі, он-ұйғыр және тоғыз-оғыз, самодий тайпаларының, кейбірі түрік тіліне жақын тілде сөйледі. Сонымен қатар монғол тілді отыз-татар, кейінірек бөлініп шыққан тоғыз-татарлар да қағанаттың құрамында болды. Цзубуды басқарушылардың бәрі далай хан лауазымына ие болды. ІХ ғасырдың аяғы мен Х ғасырдың басында көшпенділердің орталығы солтүстік Қытайда орналасқан қиданның Ляо империясымен қарым-қатынасы ушығып кетті. Қатты қақтығыс пен 984 жылғы далай ханның жойылуы Цзубудың жеңілуіне себеп болды..
1125 жылы қидан мемлекеті күйреді және керейлер қайтадан тәуелсіздік алады. Керей хандығы тағына І Марғұз Бұйрық хан отырды. Сонымен қатар ол монғолдардың да ханы болып есептелді. Керейлердің оңтүстік көршісі Қытаймен екі ортада түркітілді оңғыттардың ұлысы орналасты.
Керейлер тәуелсіздік алғаннан кейін көшпенді мемлекеттің ерекше түрі ұлыс деп аталды. «Ұлыс» термині «халық», «халық үкіметі» деген мағынаны және өзінің аймағы мен халқын қосқандағы саяси жүйені өзі басқарушы ру-тайпа бірлестігімен тұспа-тұс келген жоқ, керісінше олардан жоғары тұрды. Аймақтың шекарасы белгіленіп, оны атты әскер күзетті. Керей ұлысы әскери-потестарлық негізде тайпаларға, кейбір тарихи деректерде әскери-әкімшілік ретімен бөлінді. «Құпия шежіреде» Шыңғысханмен соғыс кезіндегі керей әскерінің құрылымы жөнінде: «Өйтсе , мен ең алдымен Қадығиаоға бастатып, Жүркін батырларын жіберейін. Оның соңынанТүмен-түбегенніңАшық-қаталынжұмсайын. Оның соңынанОлан дұңғайт батырларын жүргізейін. Сонан кейін Уаң ханныңсан мыңдаған сайыпқырандарын бастап, Қори-шіремұн тәйжі ұмтылсын. Онан кейін біздің негізгі күштеріміз кірсін» – дейді.
ХІІ ғасырдың 50-ші жылдары қытай мен керей мемлекеттері арасында саяси ахуал нашарлап кетті. Көшпенділердің соғысын бастаған Марқұз хан тұтқынға алынып, қаза болды. Рашид-ад-дин бұл жерде негізгі кінәны татар-дың басшысы Нар-Бұйрық хан деп есептеген: «В то время татарские племена были весьма многочисленны и могущественны, однако постоянно выказывали покорность государям Хитая и Джурджэ. В ту эпоху главой татарских князей был некто, называвшийся Нор-Буюрук-хан. Юрт он имел в местности, называемой Буир-наур. Как-то воспользовался удобным случаем, захватил [в плен] царя кераитов, Маркуз-Буюрука, и отправил [его] к государю Джурджэ. Последний, пригвоздив его к «деревянному ослу», умертвил». Марғұз ханның ханымы Құттық-Херикчи (ол туралы деректерде ешкімді бейжай қалтырмайтын дырмайтын аса сұлу болған деп жазады) ерінің кегін қайтаруға бел байлайды. Аңыз бойынша татар ханына жүз қой, жүз бие және жүз саба қымыздың ішіне жүз батырды жасырып алып барады. «Богатыри вышли наружу и с другими слугами жены государя [Кутуктай-Херикчи] схватили татарского царя и убили его, а также большую часть эмиров татарских племен, которые там были. Сущность сего известна тем, что этим способом жена Маркуз-хана взыскала кровь своего мужа».
Марғұз хан өлген соң оның тағына баласы Құршағұз (Грепариус) Бұйрық хан отырады. Оның інісі Горхан монғолдарды басқарады. Рашид-ад-дин Құршақұздың Ерке-Қара, Теміртайшы, Бұқа Темір-Илқы, Сенкун-Жаға-Камбұ және Керейдің лақап аты бойынша Жақамбу таңғұттар тілінде «Әлемнің ұлы әмірі» деген ұлдары болғанын айтады. Соңғысына лақап ат таңғұт тұтқынында болғанда берілген. Ол тіпті бала кезінде таңғұттарға тұтқынға түскеннен кейін олардың билеушісімен жақындасып, өзінің қызын да берген. Деректерде ханның өзінің Баласұғын ордасында өз жұрты болғандығы, Гурхан мен ұлы Тұғырұлға Яғ-Яғбан, басқа ұлдары Теміртайшы мен Юла-Магусқа Қарағұс-Бұрғыс жерін бергендігі айтылады «Егер олар бәрі бірге болса тыныштық болмайды, мен өлгеннен кейін олар керей ұлысын түн-нен таң атқанша, немесе таңертеңнен кешке дейін түк қалдырмайды» – деген екен ханның өзі. Сонымен қатар, деректерде Құршақұздың ол иеліктерінен басқа Сары хан басқарған керейлер жері болғаны айтылады. Ол «керейлердің ханы» болған кезінде татарлардың алшы тайпасының шабуылына ұшырады. Қарсыластардың күші Сары ханнан артық болды, сондықтан да ол шегінуге мәжбүр болды, ал тонауға дағдыланып алғандықтан сақтықты ұмытты. Керейлер күтпеген жерден татарлардың алдыңғы шебіндегі жасағына шабуыл жасап, татар көсемі Күміс Синджанды тұтқынға алады. Бір сарбаздың сатқындығының кесірінен татарлар керейлердің жоспарын біліп қояды да жеңіске қол жеткізеді. Жеңілген Сарығ-хан Құрджақыз-ханнан көмек сұрап, құда болуға ұсыныс жасайды. Оның қызы Төре-Қаймыш Құрджақыз ханға тұрмысқа шықты, ұлы Қадыр керейден әскер жинап, татарды талқандап, әкесінің «Керей ұлысын» қайтарып алды. Сол кезден бастап Сарығ хан Құрджақыздың иелігіне кірді.
1171 жылы билікті Құрджақыздың ұлы Тоғырыл хан иеленді. Ол бас кезінде билік үшін ағасы Гурханмен соғысты. Гурханды қорғау үшін Тай-Темір мен Бұқа –Темір ордаға бекінді. Тай-Темір мен Бұқа –Темір меркіттің басшысы Тоқтадан көмек сұрайды, бірақ ұсталып қалып, жазаға тартылады. Билік басына Тұғырыл хан мен Ерке Қара келеді. Бірақ олардың билігі ұзаққа барған жоқ, ағасы Гурхан Тұғырылды 100 сарбазымен қашып кетуге мәжбүр етеді. Ерке – Қара Тұғырылды қолдап, ағаларын биліктен кетіріп, тақты қайтып алу үшін ағасымен келісім жасауға барады. Монғол көсемінің қолдауымен, ішінара Ясугей батырдың көмегімен Гурханды қуып шығады. Бірақ, осыдан кейін керей билігі әлсірейді де, Ерке-Қара өз ұлысымен наймандар жеріне қоныс аударады.
Бұл дәуір туралы Л.Л. Викторовтың «Монғолдар» монографиясында дұрыс талдау жасалған. Оның пікірі бойынша ХІІ ғасырдың 30-шы жылдары Жүржендермен Қидан империясы күйрегеннен кейін Керей Орталық Азиядағы ең ықпалды күшті мемлекетке айналды, сөйтіп, керей мен монғол жері шын мәнінде Цзинь империясынан тәуелсіз өмір сүреді.
Бүкіл ХІІ ғасыр бойындағы наймандар мен меркіттерге қарсы соғыста монғолдар әрқашанда керейлермен одақтасып отырды. Монғолдардың қидандармен құдандалық жасап отыруды дәстүрге айналдырғанын атап өткен абзал. Олар қоңырат пен олқұн тайпаларынан қыз алып отырса, Ван хан қара қытайдың гурханының сарайында бірнеше рет болған. Керей хандығының жері Селенгінің жоғарғы жағынан солтүстікте Хуанке өзенінің оңтүстік бастауына, Хангай тауынан батыстағы қоңырат пен татардың Бұйыр-нор мен шығыстағы Халкин-голға дейінгі жерді алып жатты. Солтүстікте керейлер монғол тілді ойрат және меркітпен, батыста найманмен оңтүстікте Си-Ся мемлекеті таңғұттармен және өздеріне бағынышты тоған немесе «аша» -мен шекараласқан.
80-ші жылдардың басында Тұғырыл монғол Темүжінді қолдай отырып, өзінің монғолдар арасындағы ықпалын күшейткісі келді. Темүжіннің әкесі Есугей Тұғырылдың одақтасы және (андасы) досы болды, бірақ ол өлгеннен кейін Есукей ұлысы ыдырады. Темучин әкесінің жолын жалғастыру үшін өзіне соғыста одақтас табу мақсатымен керейдің билеушісімен тығыз қарым-қатынас орнатады. «Құпия шежіреде» мынандай жолдар бар: «Шыңғыс хағанды хан болғыздық деп, Керейдің Тұғырылханына Тақай мен Сүкеқай екеуін жібергенде, Тұғырыл хан: «Темүжін сынды ұлымды хан болғызған-дарың өте орынды. Моңғолдар хансыз қайтіп болады» депті. Нәтижесінде Темүжін керейге тәуелді болады. Ол 1184 жылы Меркіттің күшті тайпалар одағынан қашқан кезінде көрінді. Тұғырыл керейлердің ұйымын олардың қол астындағы Жамұха басқарған жаржират пен қиат бөржіген Темучинді де біріктіреді. 1185 жылы меркіттер талқандалады. Осы кезден бастап керейлер бірте-бірте әлсіреп монғол Темүжін күшейе түседі. 1189 жылы Темүжін монғол тайпасының бір бөлігінің ханы болып сайланады да Тұғырыл оған батасын береді. Алайда өткен іс-шара монғол тайпалары арасында жаңа соғыс өртін тұтатты. Бірінші Темүжін мен Жамұха арасында жанжал пайда болады, бірақ жаңа хандық күшейе түседі. Сол уақытта керей хандығы ордасында өзара қырқыс басталады. 1194 жылы наймандардың көмегімен билік басына Тұғырылдың інісі Ерке-Қара келеді, бірақ оның билігі ұзаққа бармайды. Екі жылдан соң 1196 жылы Тұғырыл Темүжіннің көмегімен қайтып оралады да, қайтадан керей-моғол бірлестігінің билеушісі болады. 1198 жылы Қытай мен татарлар одағының арасында соғыс өрті тұтанады. Керейлер Қытай жағына шығып, монғолдармен бірге жорыққа аттанады. Қытай мен керейдің біріккен әскері татарларды күл-талқан етеді. Сөйтіп Тұғырылға қытайша «ван» яғни «патша» атағын беріп, Орталық Азияның тәуелсіз ханы деп мойындайды. Сол кезден бастап Тұғырыл Ван хан атанады.
Рашид-ад-диннің «Жылнамалар жинағында» Ван ханның дәуіріндегі керейдің атақты адамдарының есімі аталады. Олар: «бас әмір» Тегін-Күрі және Итүрген-Юдак, Гүрін бахадүр, «құрметті әмірлер» Ала-Бұқа және Тайыр, Санғұн нөкерлері Білге-бек жәнеТудан, Ван ханның атқосшылары Бодай және Қышлық, әмір Құйду, Күрі-Силиүн-тайшы, Кү-Темір. Керей мен монғолдың кезекті әскери саяси іс-шарасы 1199 жылы болады. Найман билеушісі Инанч – білге хан өлгеннен кейін балалары Таян хан мен Бұйрық хан арасында таққа талас басталады. Керейлер осыны пайдаланып, қарсыласын тас-талқан етуді жоспарлайды. Жамұқа мен Темучиннің одағымен қайта біріккен Ван хан Бұйрық ханға қарсы тұрады. Алайда керей билеушісі екі жағдайды ескермеді. Біріншісі – наймандар соғыс қаупі туып тұрғанда өзара жауласуын тоқтатып келісімге келді, екіншісі – Жамұха мен Темүжіннің қырқысуы керей-монғол одағының ыдырауына әкелді. Жамұханың соғыстық қимылға көшуі Ван ханды Темучинге қарсы қоя білді және олардың ортақ жауына деген байланысын сақтады.
1200-1203 жылдар кезінде Ван хан және Темүжін күш біріктіре отырып, найман, меркіт және татарлар қолдаған Жамұха басқарған монғол тайпасын күйретті. Осы жеңісінен кейін Темүжін керейдің көмегін қажет ете қойған жоқ. Сондықтан да одақтастардың арасы тез нашарлай бастады.
Монғол деректерінде Ван ханның қызын Темүжін өзінің үлкен ұлы Жошыға үйлендіру және немересін Темүжіннің қызына қосу әрекеті сәтсіздікке ұшырайды. Ван хан оның наймандармен ниеттестігінен секем алып, әулеттік одақтан бас тартады. Ван ханның ұлы Санғұн Жамұхамен одақтасып Темүжінге қарсы соғысты бастайды.
Монғол-керей соғыс қимылы соңғылардың жеңісімен аяқталды. Темучин Хинган орманына шегініп, күш жинады. Ол 1203 жылдың күзінде аз ғана жа-сағымен жасырын түрде Ван ханның ордасына кіреді. Керей әскері түгел қырылып, Ван хан мен оның ұлы Санғұн жасырын түрде өз ордасын тастап кетуге мәжбүр болды. Кейін Ван хан наймандар қолынан қаза табады. «Известно, что разгромленный Чинзиз хано мправитель улуса киреитов Ван-хан погиб в стычке с найманским караулом, охранявшим владения найманов» деп жазады А.Ш.Қадырбаев. Көп ұзамай Санғұн да қаза тапты. Керей мемлекеті іс жүзінде күйрейді
Деректерде Ван ханның әскербасыларының бірі, қаңлыдан шыққан Қайранбай туралы «бросил семью и в сопровождении нескольких всадников умчался на северо-запад» -деп айтылған. Он ханның басқа бір Қу –Темір деген әскербасы өзінің ханы өлгенен кейін «Сангун (сын Ван-хана – авт.) находится в стране кыргызов и …в тех районах усилился, оставил дом и все состояние и ушел» – деген сөзді естіген. Қалған керейлер мыңдыққа, жүздікке, ондыққа бөлініп кетті. Бұл монғолдың деректерінде өте көркем тілде былай суреттелген: «ниспровергнув таким образом Кереитский народ, он приказал раздавать его во все концы». Көптеген әскерлер жаңадан құрылып жатқан гвардия торғыттардың құрамына тартылды: «пусть будут у них сменной стражей, кешиктенами, Ван-хановы Кереиты»-деп Шыңғысхан бұйрық берген. Керейдің көптеген сарбаздары өз еріктерімен Шыңғыс ханға қызмет етуге кетті. Керей тайпасы ыдырағаннан кейін тұтқынға түскен Қадақ батыр: «Сірә, (өз ханымызды) қайтіп қолға түсіріп өлтіреміз деп қасарысып, оның жанын құтқару үшін үш түн, үш күн соғыстым. Сөйтіп, ол қашып кеткендіктен, түсіп бердік. Мені өлтірем десеңдер, өлейін. Шыңғыс ханға тілдестіріп, жаным қалса, бар күшімді арнайын» -дейді. Оның бұл сөзі Шыңғысханға ұнайды да былай жауап береді: «Өз ханын тастап кетпей, оның жанын қорғау үшін соғысқан жігітті кім кіналамақ. Достасуға боларлық жан екен,- деп кешірім етіп. Қадақ батырмен жүркін әулетінің жүз кісісін соғыста жанын пида еткен Құйылдар марқұмның бала- шағасына жалшы етіп береді.»
«Керейлерге дес бермей,
Ешкімнен де сескенбей,
Елін бөліпалыстық» -деп жазылады шежіреде.
Керейдің кейінгі тарихы Монғол империясымен тығыз байланысты. «1218 жылы керей, найман, меркіт, жалайыр қазақтың бірнеше тайпаларымен қосылыподақ жасап, Шыңғысхан әскеріне қосылыпДешті Қыпшақ пен Орта Азияны жаулап алуға қатысты. Керейлер мен наймандар содан былай Жошы ұлысының құрамына кіріп, қазіргі Шығыс Қазақстан, Зайсан Семей, Қостанай, Сыр бойында ұзақ жылдар қоныстанып қалды.
Күзембайұлы А., Әбіл Е., Әлібек Т.