«Tugurulhan.kz» тарихи-танымдық порталы

ДӘСТЕМ САЛ ҚАРАБАСҰЛЫ

Авторы tugurulhan.kz
1313 қаралым

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы биылғы жылдың сәуір айында еліміздің бас газеті «Егем-
енді Қазақстан» газетінде жариялаған мақаласында туған жер тарихын, оның тәуел-сіздігі
мен бостандығы үшін күрескен тұлғалар есімін қайта жаңғыртуды ұсынды.
Осы ретте бүгінгі қазақ елінің солтүстігінде өмір сүрген ру-тайпалар тарихы осы күн-
ге дейін маман-тарихшылар назарынан тыс қалып келе жатқандығ белгілі. Бүгінгі жастар
түгіл ақсақалдардың өзі елдің кешегісі турал жарытып ештеңе айта алмайды. Оған оларды
кіналаудың өзі қиын сияқты. Кешегі кеңес үкіметі заманындағы қысаң саясат өткенімізді
білуге мұрша бермегендін қалай жасыра аламыз.
Қазақстанның солтүстігі мен Батыс Сібір өлкесі орта ғасырда біріңғай саяси-этника-
лық аумақ болған. Керейдің тайпасының Тайбұға әулеті негізін қалаған, тарихта «Сібір
хандығы» деп аталатын мемлекет аумағында тек керейлер ғана емес сонымен қатар уақ,
арғын,қыпшпқ тайпалары да мекен еткен. Қашлық немесе Искер(қазігі Тоболск қаласы)
және Шымғы Тура(қазіргі Түмен қаласынан алыс емес) қалаларын астана еткен Сібір
хандығы сол заманағы геосяси әрекеттеріне белсене араласқан. Ақыры «екі түйе сүйкенсе
арасында шыбын өледінің кебін киіп» Мәскеу мемлкеті мен Қазақ хандығы арасындағы
қам-қиғаш оқиғалардың нәтижесінде ХҮІІ ғасырдың басында өмір сүруін тоқтатты.
Сібір хандығы заманында бұл өлкеде талай тұлғалар ғұмыр кешкен. Бүгінгі қазақ бірін
білсе,бірін білмейді. Сондай бізге беймәлім бабамыз Дәстем сал Қарабасұлы. Қазақ
халқының XVII ғасырдың соңғы ширегі мен XVIII ғасырдың бірінші жартысында өмір
сүрген суырып салма әнші-ақын, күйші, композиторлары мен халық батырларының бірі.
Дәстем сал 1677 жылы – жылан жылы, наурыз айының басында қазіргі Солтүстік
Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы «Благовещенка» (Жекекөл) совхозына
қарасты орманды, көлді, көк шалғынды өте әсем қоныстардың бірі Гүлтөбеде Қарабас
батыр Толыбай сыншы ұлының отбасында дүниеге келіп, әкесінен еншіге алған мекені –
қазіргі Қорған облысының Петухово ауданындағы Өзентал деген қалың ағашты қыс-
тауында 1752 жылы – мешін жылы сәуір айында ауырып қайтыс болған.

«

Өлеңге де, соғысқа,
Бірдей боп жүрген бөрімін.
Толыбай сыншы баласы,
Қарабас ердің ұлымын,
Халқын жаудан қорғаған,
Жас сардардың бірімін.
Ұстаз болған өзіме,
Қожаберген ағамыз.
Ақындық пен ерлікке,
Баулыған сол данамыз.
Ағам аты – Ер Асқап,
Өз есімім – Дәстем сал.
Қызылжар* деген өңірде,
Мекенім менің Өзен тал.

Дәстемнама

»
-дейді өзінің деп аталатын дастанында.
Дәстем бала кезінде ауыл молдасы Кәрімнен оқып, хадимше хат таниды. Одан кейін
оны әкесі Қарабас би Самарқандтағы медресеге оқуға береді. Себебі, онда Қарабастың
әкесі атақты қолбасшы батыр Толыбай сыншының туған нағашысы Кіші Жүз Алшын
ішінде Әлім ұлынан шыққан Жалаңтөс баһадүр Сейітқұлұлының (өз тұсында Самарқанд
уәлаятын қоса билеген адам) немерелері ұстаз екен. Дәстем Самарқанд медресесін жақсы
оқып бітіріп, діни білім алып шығады. Бірақ медресе бітірген Қарабас батырдың өлеңші
баласының молда, не ишан, не иман болуына сол кездегі Еділ өзенінің батыс жағын
мекендейтін қалмақ шапқыншылары мен шығыстан Жоңғар қалмақ басқыншыларының
қазақ, ноғай, қарақалпақ халықтарына ешбір себепсіз жасаған жиі-жиі шабуылдары
мүмкіндік бермейді.

Дәстем ақын жігіт кезінде аталас туысы Тәшім батыр Сатыбалдыұлымен бірге сол
уақыттағы Үш жүздің ханы әз Тәукеге елшілік қызмет атқарады. Сонан соң ол әз Тәуке
хан Салқам Жәңгүрұлының ең даңқты әскербасыларының бірі болып қол басқарып,
дұшпардардың шабуылдарынан қорғауға белсене араласып, ірі-ірі ерліктермен зор
беделге ие болады.

1723 жылы жазда жоңғарлар қазақтың біраз жерлерін басып алғандығы белгілі.1734
жылы олар орыстарға қару – жараққа айырбастайды.. Елінен, жерінен айырылған қазақ
қосындары тек он жылдан кейін қайта оралып Дәстем Сал Қарабасұлы басқарған қол
Звериноголовск қамалын қоршауға алады. Орыстың жымысқы саясатын әбден меңгерген
қамал комендаты, шіркеудің попы және орыс көпестерді, саны басым қазақ әскерінен
қаймығып алдынан дәстүр бойынша нан мен тұз алып шығады.. «Звериноголовка
бүгіннен бастап бекініс те емес, казак-орыс станицасы да емес, қазақ пен орыс сауда
жасайтын базар, жәрмеңке орталығы орны болсын! Соған келісім – шарт жасайық, дос
болайық. Жер-су сіздердікі екенін мойындаймыз!»- деп жалынады. Бұған келіскен қазақ
рубасылары әскерін кейін қайтарыпты. Шарт жасасып, келісім-шартқа екі жағы да қол
қойыпты. Дәстем салдың талабы бойынша базар қазақ кенті мен орыс кентінің
аралығында болатын боп көрсетіледі. Звериноголовкада тәртіп орнату Амандос Ерменұлы
бастаған қазақ жасағына міндеттеліпті. Қазақша «Бағылан» аталған жәрмеңке күні кешеге
дейін екі халық арасындағы қарым-қатынасқа дәнекер болды.

Дәстемді ақындыққа, әншілікке, күйшілікке, балуандыққа, қолөнершілікке және
басқа да өнердің көптеген түрлерін меңгеруге баулыған оның ағасы Қожаберген жырау
екен. Бұл Дәстемнің ерлігі әйгілі қолбасшы-баһадүр Қожаберген жыраудың (1663-
1763ж.ж.) 1723 жылдың күзінде қазақ, ноғай, қарақалпақ, Сібір татарлары халықтарына
келген өте ауыр апатты өз көзімен көріп, жұртпен бірге зор қиыншылықты өз басынан
кешіргендігін шынайы түрде суреттеп шығарған «Елім-ай!» жырында кең орын алған.
Дәстем сал Қарабасұлының «Дәстемнама» хиссасын 1956 жылы 24-25-26 шілде күндері
қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Преснов ауданындағы Петровка (Баян) селосы-ның
тұрғыны, пенсионер-қарт, белгілі шежіреші Қожахмет Дәрібайұлынан жазып алған белгілі
қазақ ауыз әдебиетінің білгірі, дүниеден мезгілсіз кеткен Қаратай Биғожин. Қожа-хмет
ақсақал «Дәстемнама» жырын өз әкесі Дәрібай Малшыбайұлы әншіден жазып алыпты.
Көлемі 200 шумақ, «Дәстемнама» жырында қазақ жігіттерінің Ермак қанішердің
жорықтарына қарсылығы баяндалады. Дастанның бірталай шумақтарды баспасөз бетінде
тұңғыш рет «Орталық Қазақстан» газетінде, Жамбыл аудандық газетінде,Ахмет Бай-
тұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде шығатын «Жас өркен»
журналында жарияланды. Аталған екі газеттің де Қостанай оқырмандарына беймәлім
екендігін, ал жорналдың тиражының мардымсыз екендігін ескеріп «Біздің Қостанай» ар-
қылы оқырмандар назарына ұсынуды жөн көрдік.

Аманжол Күзембайұлы
тарих ғылымдарының докторы,профессор.

kerey.kz

Ұқсас жазбалар