Бірінші деңгейлі талдау: ОСЫ ӨЛЕҢДЕГІ АҚЫН
Ақын көтеріп отырған әлеуметтік тақырып, психологиялық сыңай, арқау шындықты шығарма намы айпаралап тұр. Бұл жайлы жаттанды үрдісте сөз жазбақты өзімізге мінәсіп көрмедік. Мағлұм жай.
Туынды құрлысы жәйлі тіптен солай. Екі қолдың саласын қайта-қайта санай бергеннен ілім барақат тауып, жүрек ләззәт алмасқа керек. Хош.
Бір айтарымыз тақырып таңдау мәселесі. Яғни нені жазу, нені жазбау турасында. Осы тұста абай жалпы шығармашылығында көп қателык жібермеген ақын. Дәл осы өлең тұрғысынан, ашығырақ баяндасақ, боз балалық кімде болмайды, бәрінің басынан өтеді. Әңгіме өткенінде емес, кім бұл кезеңді қалай өткізгенінде. Айтпаса да белгілі, қай буын боз балалығын қалай өткізсе оның келер күндері (салдары, заманы) солай болмақ, өмірі солай көмкеріліп, адамдығы солай өрбімек. Демек, кейін де ол сол кезеңнен дағдысында қалған жолымен жар құшып, бала тудырып, оны тәрбиелемек деген сөз.
Алайда, өлеңде айтылған қателыктерді дер кезінде жазбаса, азаматтар уақытылы арылмаса, кемшілік ұрпақтар сабақтастығына ұласуы, ұлт одан жуық арада арыла алмауы мүмкін еді. Бұл деттен біз бүгінде құлан таза арылып, адалана қойғанымыз шамалы.
Бұндай тақырып жазуға тұрмай ма? Тұрғанда қандай! Көпке керек, уақыттың ұзақ сынына шыдас беретін заманға зәу тақырып.
Поязияның ұлы мисциясы, үлкен жүгі де сол адамға (адамзатқа, халыққа, көпке) қызмет ету ғой. Сол үшін де абай сөзін түзеп енді тыңдаушы түзел деген жоқ па? Ендеше, өзі бастан кешіп, яки көзбен көріп, жүрекпен қортып, ақ-қарасын айырып алған елге зару тақырып абай назарынан тыс қалмаған. Соның үшін де жазу керекті іркілмей жазғаны.
Сосын, бір тұшынып оқитының – өлең миссиясы анық.
Шығармада автордың өзінің ақындық миссиясын жете түсінуі, ақындық жауапкершілігін, қаламгерлік қызметін жете білуі және іске асыруы ашық көрініс тапқанын байқаймыз. Өлең өнерінің басты ғылымы осы дер едім. Өлеңнің дегдарлығы да, уақыт желіне шайқалмай, заман керуенінен қалмауы да осыған байланысты.
Қараңыз, таңдаулы тақырыпты жазғанда да Абай боз балалықты «мен былай өткіздім, ананы істедім, мынаны бүлдірдім, мынаны тындырдым» деп көр-жерді шұқылап арзандамай, келер заман ескерсе екен деген, аса зәру, ел шалыс басқан, болашақ түзеуі керек тұстарды еске алу, жай кеңес түріндегі ой дестелерімен, тұнық жүрек сөзін «бөтен сөзбен (деталмен де) былғамай», өзі арзандамай, сырын шашып, ұятқа қалмай, ой тастау сарынында, өмір қортындысы есебінде береді. Бұл детал талдаудағы сұңғылалық.
Міне, осы өлеңдегі, тіпті тұтас пөйезиәсіндағы абайдың абайлығының басы-осы. Тақырып пен деталдағы талғампаздық.
Міне, осы өлеңдегі, тіпті тұтас пөйезиәсіндағы абайдың абайлығының басы-осы. Тақырып пен деталдағы талғампаздық.
Ақынның ақындығының ең бір айқын көрінісі нені жазып, нені жазбауында жатыр. Ол ақын үшін, жалпы жазарман қауым үшін аса зәру әдет. Бұл әдет есті оқырманға да керек екенін Абай өз өлеңдерінде сомдаған. «Сөз, түзелді, тыңдаушы, сен де түзелінің» семантикасы да көп нәрсені меңзесе, соның бірі-осы әдет.
Қандай талғаммен, нендей мұратпен қалам алғанын абай қара сөздерінің «Бірінші қара сөзінде»: «Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, иә оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ» дейді. Ияғни, Рухани жәуәпкершілікті ел бағу, мал бағу, бала бағу, ғылым бағу ісінен жоғары екенін білгеннен туған мұрат.
Бүгінгі ақын өз кәрерәсін сол төрт бағудың бірінен іздеп жүрген жоқ па? Ал, ең ұлы қалам бағу ісі қайда қалады сонда?
Ол іс-қаламға тазалық, жазуға талғам, өмірдің мәні, елге қызмет деп түсініп, сол бикте қалам тербеу басқа да, олай қарамау – мүлде басқа! Басқа сөзбен айтсақ абай өлеңнің кәрерәсінә жұмыс жасады, оны бақты, баптады, сонылады, тыңнан із қосып, жаңадан ой шалып, алысқа оздыру қамын жасап, бірегейлікке талпындырды. Ал, бүгінгі біршама ақыннан, тіпті көбінен ақндық қуатын, одан туған өлеңін ертең жоқ болар озының кәрерәсінә жұмыс жасатып жүр. Яғни, өлең жұртқа танылудың, қызметте өсудің, біреудің (қыздың, бастықтың, арнаған әлде кімсенің) көңілін табудың, ат шығарып атақ алудың құралы ретінде, есебі қысқа бап. Өлеңнің суаруы, шңауы, бір қайнауы жетпей қалатыны, ғұмыры қысқа, жарық етпе, суы көп, қоиюы аз, сылдырлаған жеңіл, пайэтикалық иірімі нәрсіз болатыны содан-ау деп ойлайым. Оны әр ақынның өлеңінен ұғуға болады.
Неге кім үшін өлең жазғанын және өзінің өлең жазу машығын (тактикасын, өлеңнің ғылымын) «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарсы» өлеңінде («Сегіз аяқ» өлеңінде де) біршама кеңінен баяндайды. Оны оқып отырып өлең жазудың ермек емес екенін байқайсың. «Көкірегі сезімді, тілі орамды» келер ұрпаққа өнеге беру мисциясы барын, оның «талапты ұғар, тасыр ұқпас» күрделілігі (көбінде ойдағы сонылық, дегдарлі) болатыны сынды елементтерін байқаймыз. Бұл да ақындар тұртып алатын абай шығармашылығының есті тұсы.
Аға буынның іні буынға қамқорлығы, үлкеннің дегдарлығы, болмыстың Бекзаттана бастаған қамқорлық, жылылығы, жанашырлық жәуәпкершілігі өлеңнің өн бойынан есіп тұр. Бір паңсыну, не қомсыну, яки өзін көрсету, менін алдыға салу жоқ. Жазу стиіліндегі өскелеңдік деген осы. Даралықтың тұмасы да осында. Яғни кенен кеуденің өз кемеңгерлігін қалай көрсетіп, қазынасын қалай үлестіруінде. Бұл жерде де автордан ақындық шеберлік үлгісін көреміз.
Өлең соңындағы «Әйтеуір ақсақалдар айтпады деп, жүрмесін деп аз ғана сөз шығардық» деуі де сол ақындықтың мисциясын, жәуәпкершілігін, қызметін жете түсінген жүрек мақсұты.
Бұл өлең де сол жерлерде жазылған мұрат, мақсұттарға сәйкес түсіп тұр. Бұл шығарма ең әуелі осысымен құнды.
Осы араға аз сөз қыстырсақ, бүгінде күнде көргенін керекті-керксіз жаза беретін ақындардың, тіпті озының сезімінің ұйқаспен жазылған шежіресі мен ойының ұйқасты жазбасын оқып отырып, көпке қандай керегі болды екен деп бас қатыратысң, адамзатқа, заманға неге керек екенін таппайсың! Келер ұрпаққа да көк тыйынға керегі жоқ тақырыпты шиырлап отырған ақындардың ақындық жауапкершілік, ақындық міндет, ақындық мисция дегенді қалай қабылдағанын түсіну қиын.
Екінші деңгейлі талдау: ӨЛЕҢНІҢ ТІЛІ
Шынтуайтында, бұл өлеңде айтылған бергі ойларды әмме жұрт біледі және күнделікті айтып жүргені. Алайда, сөз құдыретін, қазақ сөз жасамы мен тіл орамының керемет мүмкіндігін шамасы қаптал жетіп еркінше пайдаланған ақын Абай оны соны тіркеспен тірілтіп айтады. Осындай білгендік, көргенділік, дегдарлық ніл сіңгенінің арқасында күнелікті әр кімнің ауызынан шығар жадағай сөз жалт-жұлт етіп құбылып, басқаша түлеп, жаңа тұрғыдан қылаң бергенде, сана жатырқай қарайды, кейде Ахаң айтпақтай бірден қорыта қоймайды. Дегенмен есті көңіл ден қойса жатсынбай құп аларлықтай орамымен, тіркес дестесімен береді. Көзіңнің алдынан көптің көкейінде бар жатық ой жүлгесі жүні жылтырап, қарға неше аунап әбден құлпырған сөз түлкісі боп құйырығын бұлаңдатып, көзіңмен көңіліңді қоса елең еткізіп өтіп бара жатқанда осы еңбектің иесіне (авторға) айызың қанып, еріксіз тәнті боласың!
Айтып айтпай, жастық дәуреннің аз ғана күндік қызық екенін, боз балалықтың да өтпелі «кемді күндік» «ғұмырын» кім білмейді. Ханға аян болғанындай қарашаға да мәлім өмір ақпараты. Ой қабыл алып ақыл құптарлық тұжырым. Дегенмен, Абайдай ой қуаты жоқ адам осы ойды болбыр тіркеспен айтары анық. Ал, Абай «Бір дәурен кемді күнге-боз балалық» дейді.
Ал, ары таманнан, детал жүгелесек…
Өлең ілкі жолдың атымен аталады. Ұзын. Бірақ, көп танымға жетелеп тұрған бір ауыз сөздей жинақы. “бір дәурен кемді күнге-боз балалық “.
Әр сөз өз орнын дәл тауып тұр, олай-былай жылжымақ емес. Олай етсең сөздің сәйкесі кетіп, ой қиюы қашып, шкі иірім бошалаңдап, тіркес тәлтіректейтін түрі бар. Аса сәтті пайэтикалық иірім сомдаған сөз тұлғасы. Еріксіз мойындатады. Ақындық қаптал шаманың құдыреті де осында жатыр ау дейсің.
Шындығында да өтпелі “кемді күндік “ғұмырын кім білмейді. Ханға аян болғанындай қарашаға да мәлім өмір ақпараты. Ой қабыл алып ақыл құптарлық тұжырым. Дегенмен, абайдай ой қуаты жоқ адам осы ойды болбыр тіркеспен айтары анық.
Ал, Абай “бір дәурен кемді күнге-боз балалық “дейді.
Ал, ары таманнан, детал жүгелесек…
Өлең ілкі жолдың атымен аталады. Ұзын. Бірақ, көп танымға жетелеп тұрған бір ауыз сөздей жинақы. “Бір дәурен кемді күнге-боз балалық”.
Әр сөз өз орнын дәл тауып тұр, олай-былай жылжымақ емес. Олай етсең сөздің сәйкесі кетіп, ой қиюы қашып, шкі иірім бошалаңдап, тіркес тәлтіректейтін түрі бар. Аса сәтті пайэтикалық иірім сомдаған сөз тұлғасы. Еріксіз мойындатады. Ақындық қаптал шаманың құдыреті де осында жатыр ау дейсің.
Ұл жалқы сөз мағынаны сүйіреп тұрған матор екенін, айтпақ ойы мен шашпақ өнегенің кілті тап осы сөзде екенін сергек ақын жүрегі дәп басып біліп тұр. Сосын да “жастыққа “қарағанда кемістігі мен шалалығы бір мысқал көп, албырттығы мен жеңілдігі молаң және сол кемшіннің бәрін жұрт көз жұмып, кешіріммен қарайтын “боз балалықты “қабыл көріп, өлеңге ілтипаттәйді. Керек болса ұйқас үшін таңдады деп айтудың өзі танымастық. Мақсатты түрде алынды деуге лайық.
Ақын пікірінде “бозбалалықтың “болуын заңдылық деп білгенімен, орнымен болуын алға тартып, күлкі күйлеген, еһе-еһені әдет етуді кешірмейді. Үйткені боз балалық-жастықтың алды, жастық-есті өмірдің басы. Оның кемшілігі жойылып, адаланбай, өмірге ес кірмек емес. Ол дегдар болмай ғұмыр абат болмақ емес. Осы ойды жеткізу үшін “боз балалық “абайға ауадай керек, өлең соған тіленіп тұрғанын автор жазбай танып отыр. Бұл автордың сөз сұрыптаудағы сезімтәлдығы.
Түзелген тыңдаушы ( “сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел “) өлеңге алғаш назар бұрғанда ақылды бір сілкіп, жүректі шарпып өтетін ақынның ой қуатының болмашы жарқылы. Алайда, болмашы болса да көп өнеге жатқанын аңдап отырмыз. Өлеңдегі “еһе-еһе “сөзі де осындай бозбалалықтың албырттығы мен қлтың-слтыңын басқа сөз орнын ала алмастай, бай мағыналы бір сөз. Сенбесеңіз орнына басқа бір айқындауш не метафора (теңеу) қойып көріңіз, абайылқ тіркестей биік, сәулетті, өрісті болар ма екен…
Бұндай ақындық мінез абай өлеңінде көптеп жүздеседі. Мұндай тіркестерді сөз иесінің синтагмалық тіркестері (автордың өзіне ғана тән сөз тіркестері) қатарына қосуға болады.
Жалпы өлең мазмұнында сөз жинақылығы адамды тәнті етеді. Боз балалық дәуреннің жаман тұстарын немесе кемшілік, нұқсанын бейнелетін бірспыра тіркестерді көңіл шалады. Енді сол “самаратори сары алтын “тікестерге аз-кем ой бұрайық:
“Бір дәурен азды күнге”. Шынында Рухани және тәндік жағынан қатты өзгеріске ұшыратын, не бұлынудың, не кісілік қалыптаудың басы болған физологиялық және психологиялық “өтпелі кезеңді “екі ауыз сөз қамтып жатыр. Мұны көркем әдеби тілдегі әдемі сөзбен кестелеп, қадыры мен қымбатын ұлықтайды. Яғни көп адам ойсыз, ыждақатсыз, қарекетсіз уысынан шығарып алатын алтын кезеңге деген өкініш, бағаламаған көңілдерге реніш, келер күнге ескертуі бәрі сыйып жатыр.
“Көкірек зор, уайым жоқ”. Негізі “уайым-ер қорғаны, есі барлық “еді. Рух зарлығы, ел қамы, заман мұңы жоқ, алайда, қолынан бәрі келетіндей лепірме сезім қай жаста болмады. Соны дәлді тұсып айтып отыр.
“Көрсе қызар, күнде асық”. Албырттықтың, жүгенделмеген сезім мен шідері жоқ ақылдың ершімді сипаты.
“Сүйкімі, икемі жоқ шалдыуарлық”. Суық ақылдык мүддесіне шығар ісі аз. Тыйанағы ақылға суат болар қылығы әлі кем, баянды існің жұрнағы тапшы боз балалық нұқсаны.
“Қалжыңбассып өткізген Қайран дәурен”. Қалжыңбас болғысы кеп болғансыйды дейді. Әр істе піспеген, шала, өмір тәжірибесі кем, өресі таяз боп өткеніне деген өкініш бар. Сипаты сшынында да адам өкінерлік.
Қай-қайсысы да қандай дәл айтылған. Автор өзі сипаттап отырған кезеңге дұрыс диагноз қойған. Бәрін білестіре қарасаң құр гөй-гөймен еш пайдасыз өткен боз балалық дәуреннің кісі опындырар типі жасалып тұр. Яғни, ақынның ой қыраны бозбалалық аспанын арылта шарлап, өз олжасын қапылыссыз тауып айтылмыш кезеңде адам баласының жіберетін басты қателыктерінң үстінен дәл түседі. Арыдан іздеп не керек өз бозбалалығымыз-ақ осы сипаттардың қасымыздағы куәгері.
Әр ақын мына соңғы жолдарды Бек жақсы білсе екен. Абайдан кейін абай неге тумай жатыр біздің қазақта? абай абайлығын бір жағынан Еңбектеніп тапқан кісі еді ғой.
Абай халық әр дастарқанда айтып отыратын, әркімнің аузында жүрген ойды алып құлпыртып, қалай тосын ғып береді, қалай соны ой айтады, сіз бен быздың тілімізде бар сөзден алып аз сөзге қалай ғана көп мағына, ұшан ой салады.
Енді, әр ақын мен не жазып жүрмін және қалай жазып жұрмын, абай берген ой мен сөзі мен оқырманға қалай беріп жүр екенмін? деп бір сәт өз шығармашылығын арымен тізе қоса отырып, азаматтығын шақырып, кісілігін келтіріп, ақындық жәуәпкершілігін қасына отырғызып, ақындық міндетімен беттестіріп, уақыттың сотының өлшеміне сауын айтып (қолы жетсе) бәрі алқа қотан отырып бір тексеріп шықса екен.
Үшінші деңгейлі талдау: ОЙ ОРАМ
Жинақылық дегеннен шығады. Автордың кәнігі өлең машығындағы аз ғана сөзге көп мағына, бірспыра ой сиғызуының өнегесі бұл өлеңде да Сайрап жатыр. Бұл да-абайлық орам.
Мәселен ;
“Той болса, тон киелік, жүр, баралық,
Бірімізді біріміз аударалық.
Ат арықтар, тон тозар, қадыр кетер,
Күлкіні онша күйлеп шуламалық”, – дейді. Мұндағы той тойлау, тон кию, аударыспақ ойнау бұл үшеуі-үш ірі категория. Үш ірі Симовл.
Той тойлау-әр кімнің басына келер өмірдің қызықшылығы, ешкім айналып өте алмас көпке ортақ дәстүрлі өмір жоралғысының ; тон кию-өзін жасау, сыртты сырлау, бой түзеу, өзін жақсы көрудің Симовлы. Ал, бір-бірін аударып аударыспақ ойнау-ойын-сауық, сән-салтанат құру, дәурендеуге құштарлық Симовлы.
Ақын бұл үш жағдайды “күлкіні күйлеу “деп бағалайды. Ендеше “күйлеу “деген қазақ ұғымында аңсары ауған рахатты, қатты қалау, сол дітіне жетпей қоймау, қайта-қайта тойғанша аңсап, соған әрекет ете беруді айтады. Салстырмалы ойласақ Симовлдық мәні бар үш іс те керекті, бірақ тым көбейсе пайдадан зияны мол істер.
Алайда, ақын түсінігінде айтылмыш істерге көп мүмкіндікті сарып етуге, мол қуат шығындап, асқын күш жұмсауға болмайды екен. Оны “ат арықтар, тон тозар, қадыр кетер, күлкіні онша күйлеп шуламалық “деп жеткізеді.
Бұнда да автор “күлкіні күйлеу “істерінің үш ірі салдарын меңзеп отыр.
Әуелгі “той күйлеудің “салдарынан “ат арықтар “дейді. Ал, ат қай кезде арықтайды? әрине, бағымсыз қалғанда. Онда ат бағу деген не? ол іс-кәсіп, тіршілік, қарекет. Аты арықтаған кісі не болады? көліксіз болады, көліксіз кісі жолда қалады. Демек тойды көп тойлау Яғни әр кімнің басына келер, әммеге ортақ, дағдылы, сарынды істерге көп айналшықтау тіршілікте, кәсіпте, қарекет қылуда адамды Жолда қалдырмақ екен. Демек, ақынның халыққа айтар ойы боз бала шағыңнан-ақ көптің дағдысындағы, сарынды (жаңалығы жоқ) болса да, болмаса да, орташа атқарсаң да, кемерінен асырып істесең де болатын, одан бір жерің кем боп қалмайтын істі көп қуып есіл өмірді қор етіп, өміріңнің ыңыршағын шығарма, күйін орталатпа, ағынан арылтып, қызылын қысыратпа деген биік ой айтады.
Тонның тозуы нені білдіреді? оның түбі тозбай қоймайтыны, ескіруі заңды, шартты іс екенін ұғындырады. Ендеше, “тон” деген сөздің тұлғасы. Ал, семантикасы (шкі мағынасы, сөз астары) жоғарыда айтқандай сыртын сырлау, сылаңдап бойды ғана жасау, елге сыртыңмен ұнауға қызмет ету деген сөз. Хакімнің өзінің, шәкәрімнің, мәшһүрдің лэксиконында “сыртымен сопысынып “демеуші ме еді, тура солай. Ал, ақын мұны “тозады “деп оқырманына дабыл қағады. Яғни адамзатқа, көпке, халыққа былай тұрсын өзіңе пайдасы тыймейді, керегі, кәдесі болмайды дегені. Тонмен тапқан абыройдың тон тозғанда оралмайтыны сияқты сыртымен жасаған образдың да халық алдында, жадында көп сақталмайтынын ескертеді.
Сол арқылы ақын сол дәуірдегі және келешек оқырмандарды ерте есейіп, ой жинауға, ішті қоңдандырып, Руханиятқа ден қоиюға, “білсем екен, көрсем екен деген адамның баласы “(хакімнің қара сөзінен) болып, “жан құмарлығымен “әуре болуға, ертең ғана шынын айтып, түкке керегі болмай, ешкімге пайдасы тыймейтін іспен әуре болмауға керексіз деген ойын жеткізіп отыр.
Иә, бір-бірімен көп аударыспақ (ойнаған, алысқан, тартысқан,. . . ) адамның өз арасында “қадыр кетеді “екен. Ендеше, қадыры кетіскен адамдар не болады? әуелі, бірін-быры сыйламайды. Кішісі үлкенін тыңдамайды, үлкені кішісін аямайды. Содан барып, жұрттың сыйластығы сетінеп, бүтіндігі бұзбақ. Ең соңында бәрі де ел болудан кетпек. “ақылға бірлікті “былай қойғанда “ат ортақ, ас ортақтықтан “да кетіспек. Оның мысалын кезінде кеңес одағында мәдениетті дамыту деген сылтаумен сән-салтанатпен алдап, ғылымнан, білімнен, Рухани кемеңгерліктен аулақтатқанын, сол арқылы ел болудан ажыратуға тырысқаны есіңізде ме?
Ақын осы арқылы тойды аударыспақпен ғана безендіру, оны көп күйлеп, әдетке айналдыру қауыпты деген ой айтады. Яғни дағдылы, сарынды өмір салтынң мазмұнын тек өтер-кетер қызықшылыққа ғана құрмау керек екенін ол елдіктен кетіріп, бірлікті бұлдырып, көпке Рухани кеселге душар ететінін жеткізеді.
Енді тамсанбай көріңіз. Бір шумақты бұлай талдап ойынашықтағанда мағлұм болды, бұл өлеңді осы тәсілде құмнан ине іздегендей зерделесек, бір кітапқа жүк болайын деп тұр.
Шын мәнінде бұл өлеңнің әр екі жолы-бір афоризм. Расында да, ақын сөз жинақылығы, ой сонылығын өлең құнарына, ой қабаттары мен мазмұн күрелілігіне қалай адал қызмет еттіреді.
Бұны құдай абайға беріп, басқа ақынға қимайтын нәсіптей көрмеу лазым. Ақындық дарынды оңды ұштай білгендік әсері деп білу керек. Сол арқылы қол жеткізген ақындық қуат екенін ескеруі керек.
Соңында ақындарға аз сөзіміз мынау:
Бүгінде көп ақындарымыз тың ой айтуды, сананы тосыннан елең еткізуді өзге түгіл өзі түсінбейтін сыюжеттерден, тосындығы соншалық халқымыздың сөз қолданысына мүлде жат тіркестер мен өзі де тұсындырып бере алмайтын ұғымдардан іздеп жүр екен. Бізше ол-күрделіліктің формасы ғана, мәні емес.
Әсіресе, абайдың осы өлеңді жазды деген жасын жасап жүргендердің және олардың алды-артындағы бірқатар ақындарымыздың бір дерті-осы.
Мен өз басым бұл дерттің емін абайдан тауып отырмын. Соңында ақындарға аз сөзіміз мынау:
Бүгінде көп ақындарымыз тың ой айтуды, сананы тосыннан елең еткізуді өзге түгіл өзі түсінбейтін сыюжеттерден, тосындығы соншалық халқымыздың сөз қолданысына мүлде жат тіркестер мен өзі де тұсындырып бере алмайтын ұғымдардан іздеп жүр екен. Бізше ол-күрделіліктің формасы ғана, мәні емес.
Әсіресе, абайдың осы өлеңді жазды деген жасын жасап жүргендердің және олардың алды-артындағы бірқатар ақындарымыздың бір дерті-осы.
Мен өз басым бұл дерттің емін Абайдан тауып отырмын.
Оразбек САПАРХАН