«Tugurulhan.kz» тарихи-танымдық порталы

«Керегеміз – ағаш, ұранымыз – “Алаш”

Авторы tugurul
622 қаралым
Абақ (Нирун – нұр елі) және Тарақ (Дарлекин – Нукуз бен Қияннан тараған ұрпақ), рұ одақтастар бірлестігі – “Қарға елі” (Қарға қарғаның көзін шұқымайды, Қарға адым жер, қарғадайынан, қарғам, Қарға тамырлы ел).
Қазақ арасындағы Керей руы атауының «қара», «қарға» сөздерімен тамырласы жөнінде Рашид ад-Дин, Г.Н.Потанин еңбектерінде генеологиялық аңыздар келтірілген.
Үйсіндердің жалғыз қалған баласы айдалада жұртта қалып қойғанда көкбөрі қасқырға хабар беріп, аман алып қалған қарға деп ежелгі қытай жазбаларында жазылған. Қарға – түркілер үшін киелі, қасиетті құс,
тәңірдің елшісі делінеді.
Қоңыраттар екі үлкен бірлестікке бөлінеді. Бұл екі бірлестікті əйгілі ғалым В.Радлов «жеті ата Көктің ұлы, алты ата Көктің құсы» деп атаған.
Ғалымдардың пікірінше, хонгирад, хонхирад, хонхеред этнонимі, сондай-ақ кереит (херед, керейд) этнонимі сияқты, қарға тотемінің атынан шыққан. Моңғолдар хон хэрэені ірі қарғалардың бір түрі деп атайды.
Азиялық Сібірді тұрақ ететін халықтарда, олардың наным-сенімінде қарғаны күні бүгінге дейін кие тұтады. Ал мама ағаштың басына қарға қонса, аттары жүйрік болады-мыс. Бұл монғолдар түсінігі мен кие тұтудағы сенімі.
Керей мемлекетінің ұлы билеушісі “Онсан-хан”, қытай дереккөздерінде -Ван-хан титулы бар Тоғырыл болды.
1203 жылы көктемде Халахалджин-Элэт жерінде, Темучин (Шыңғыс хан) мен біріккен Жамұха – Жалайыр және Тұғырыл хан Кереит. “Қарға” (+m) таңбалы одақтас бір ел мемлекетін құрды.
Жамұқа шешен мен Темучин (Шыңғыс хан), Тоғорыл ханға әке орнына әке болуын өтінді.
Шыңғыс ханның “Тарақ”(m) таңбасы, Керей ханы Тоғырылдың “Ашамай” (+) таңбасы, Жалайыр – Жамұқа шешеннің “Тарақ” таңбасы, Қарға құсының бейнесі екені бүгін белгілі. Өз руының ежелгі таңбасын алмастыру, бөтен рулық таңбаны себепсіз иемдену – көшпелі халықтың дәстүрінде жоқ. Демек “Тарақ” таңбалы рулар және ұлы тарақ таңбалы Шыңғыс, Ашамайлы Тұғырыл хан, Жамұқа шешен, көне заманда бір “Қарға” таңбалы елдің ұрпағы болғаны бүгін айдан анық болып тұр.
Үйтілген қойдың басын піскен соң мандайынан айқастыра тіліп, табаққа салып әкеліп тарту ырымы, Алаш арасында біркелкі атқарылды, сол заманнан қалған “Қарға тамырлы бір ел” белгісі.
1179 ж. Тоғорыл хан, Темучин, және Жамұқамен бірлесіп Бугур Кегер шайқасында меркіттерге күйрете соққы беріп, меркіттерге қолды болған қалыңдығы Бөртені қайтарды. Бұл оқиға Тоғорыл хан мен Темучин арасындағы қарым-қатынасты нығайта түсті. Темучин 1189 ж. өз әулетінің ханы сайланғанда Тоғорыл хан оны алғаш қолдап, ақ батасын берді.
“Абақ” – елі.
“Абақ” – жеке адам аттары емес, қолданған таңбаларына қарай (Q — абақ) аталған, туыстас тайпалар одағы дейтін нұсқалар да бар.
Аңшылықтың көне құрал – саймандарының бірі – “Абақ”.
Муғул рулары – Меркіт, Ителі, Дулат, Суан, Албан. “Абақ” (Q) – таңбалы елі болып аталып бір қандас одағына бірікті, “қарға”(+, m) таңбалы, Тоғырыл, Шыңғысхан, Жамұқа, елімен одақтас бір ел болды. “Абақ” елін құраған рулар бұлар таза Муғул елі еді «Нирун ұрпағы» – нұр рулары немесе нұрдан жаралған деген мағына береді.
Муғул тіліндегі “обок”, “омок” сөздерінің туыстастар одағы деген мағына беретінін дәлел ете отырып, бұлардың көне замандағы “Абақ” тайпалар бірлестігі екенін белгілі этнограф М. Мұқанов та алға тартады.
“Қарға” таңбалы Кереит, Жалайыр, Қоңырат, Маңғыт, Кегенес бұлар – Дарлекин ұрпағы. Муғул, Нұр руларына одақтас елдер деп есептелді.
Рашид-ад-дин бұларды кезінде «Ергене-қунға» қашып кетіп «Дүрлүккен» атанған Нукуз бен Қияннан тараған Түркі ұрпағы деді.
Абақтардің бір бөлігі үйсіндерге бір бөлігі Керейлерге қосылды.
Потанин – солтүстік-батыс Моңғолия очерктері бойынша. Шежірелік аңыздарды жақсы білген Қазақ ақсақалдары Үйсінде екі ұл болған деп айтқан: – “Абақ — керейлердің бабасы және Тарақ -жалайырлардың бабасы”.
Абақ – Тарақ ұрпақтары ұлы жүз, көне “Үйсін” тайпасы ішінде “Үйсін” болып біріксе.
Орта жүз шежіресіне Абақ пен Тарақ ұрпақтары Арғынның және Керейдің жиені болып аталады.
Кіші жүзде, Абақ – Тарақ ұрпақтары көне “Табын” тайпасының ішінде “Табын” болып бірікен еді.
Бұлар Ұлы жүз, Орта жүз, Қіші жүз, “Ноқта ағасы “. Арғы тегін “Майқы” биден таратады.
Абақ, Тарақ ұрпағы – бүгін, Қарақалпақ, Башқұрт, Ноғай, елдерінің негізін қалап отыр. Өзбек халқының құрамында да, Кенегес тайпасының екі руы Абақлы мен Ашамайлы деп аталады. Ол Қарақалпақтың Қоңырат деген үлкен арысына енетін рулардың да бірінің аты. Абақлы руы тубалардың, Қырым татарларының да құрамында кездеседі.
Қарақалпақтар, «Түмен басы түбі бір, түп атасы Майқы би» деген.
Қазақтар өзінің шықаң арғы тегін «Түгел сөздің түбі бір, түп ата­сы Майқы би» десе.
Башқұрттар «Қара табын руының түп атасы Майқы би, ол Орал тауының Миядық деген жерінде өмір сүріп, хан Шыңғысты алғаш қарсы алған би» деп санайды.
Ноғай мырзаларының арасында да өз атасын Майқы биден бастайтын ше­жіре бар екені әйгілі. Сондықтан Ноғай туғандар да Майқыны өз бабасы санайды.
Тарихи деректерге қарағанда, Абақ – Майқы би, бүкіл түркі тектес халықтардың бас биі болғанға ұқсайды.
(Керей Қожаберген жырау) :-
Түріктен өрбіген елді тоғыз дейді
Тартатын күй аспабын қобыз дейді
Башқұрт пен қазақ ноғай қарақалпақ
Төртеуін шежірешілер оғыз дейді.
«Қазақтың түп атасы Оғұз – Түрік, Құт қонған ұйтқы болып орнап бірлік»
p.s.: Материал Фейсбук әлеуметтік желісінен, QAnat Taraq, Керей шежіресі  парақтарынан алынды!

Ұқсас жазбалар